Қазір қандай сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Бұл сабақ жоспары оқушыларға сөздің мағынасын ажыратуды, сөз мағынасының өзгеруін түсінуді және өз ойын жүйелі жеткізуді үйретуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Әр сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқату; тапсырмалар арқылы сөз және оның мағынасының өзгеруін түсінуге бағыттау.

Дамытушылық

Ойды тұжырымдап еркін айтуға үйрету; сөздік қорды дамыту; байланыстырып сөйлеуге машықтандыру; шығармашылық жұмысқа жетелеу.

Тәрбиелік

Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда ұстамдылыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Топтарды ажырататын белгілер
  • Интерактивті тақта
  • Әр оқушыға бағалау үлгілері
  • Ақ қағаздар, маркерлер
  • Микрофон

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіздер ме, балалар?
  • Қазір қандай сабақ?
  • Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? (Оқушылардың дайындығы бақыланады.)
II

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңбері (өлең жолдары)

Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым,
Сендермен әр күнім.

Бас иеміз сіздерге,
Білім берген біздерге,
Ұстаздарым ардақты!

Көңіл күйді белгілеу

Парталардың үстінде көңілді және көңілсіз бет-әлпеттер болады. Оқушылар өз көңіл күйіне сәйкес суретті таңдап, көршісіне тағады.

Өзін-өзі бағалау белгісі

Сабақ барысында оқушылар күн шуағы бейнеленген бағалау суреттерін жинақтап отырады.

III

Үй тапсырмасын тексеру: «Интервью» стратегиясы

Бір оқушы — тілші, қалғандары — көрермен. Тілші тақтаға шығып, микрофон арқылы сұрақтар қояды.

Тілші мәтіні

«Алдарыңызда мен — тілші Жақсыбай Аруан. Сіздерге қоятын сауалдарым бар:»

1)

Сөйлем неден тұрады?

Жауабы: сөйлем сөздерден тұрады.

2)

Сөйлем нені білдіреді?

Жауабы: сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

3)

Сөйлем ішіндегі сөздер қалай жазылады?

Жауабы: сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

4)

Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

Жауабы: сөйлем әрқашан бас әріптен басталады.

Соңында тілші оқушы үй тапсырмасын қорытындылап, көрермендерге алғыс айтып, орнына отырады.

IV

Қызығушылықты ояту: «Ой толғау» стратегиясы

Интерактивті тақтада сағаттың суреті көрсетіледі. Сағаттағы 19 әріптен сағат тілі бағытымен, белгілі бір жүйемен бір де бір әріпті аттамай оқып, 4 сөз құрастыру қажет. Сол сөздер бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады.

Нәтиже

Оқушылар тақырыпты анықтайды: «Сөз және оның мағынасы».

Сабақ мақсатын бірлесіп қою

  • Әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындаймыз.
  • Сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеміз.
  • Әр сөздің өзіне тән мағынасы бар екенін түсінеміз.
V

Мағынаны ажырату: «Жигсо» стратегиясы

Ұйымдастыру

  • Нөмірленген киіз үйлер ортаға орналастырылады.
  • Мұғалім тапсырмалардың мазмұнын түсіндіреді.
  • Оқушылар бет-әлпеттегі нөміріне сәйкес «қонақ үй» тобына орналасады.

Қонақ тобындағы жұмыс ережесі

  1. Әркім тапсырманы алдымен жеке орындайды.
  2. Жұбымен ақылдасады.
  3. Түсіндіреді, сұрақ қояды, дәлелдейді.
  4. Ортақ пікірге келеді.

Тапсырмалар

1-тапсырма

Мұғалімнің нұсқауына сәйкес орындалады.

2-тапсырма

Оқулық: 87-бет, 233-жаттығу.

3-тапсырма

Оқулық: 87-бет, 234-жаттығу.

4-тапсырма (шығармашылық)

Жұмбақты шешіп, қарама-қарсы мағыналы сөздердің астын сызу.

Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан,
Үп-үлкен боп қорқады.

Жауабы: Аю

Қарама-қарсы сөздер: кіп-кішкенеүп-үлкен.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін оқушылар «үй тобына» қайта жиналады. Әр нөмірлі оқушы өз бөлігін түсіндіріп, қалғандары орындап шығады. Әр топ пікір айтып, қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әуенімен қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VI

Ой толғаныс: «Топтасу» стратегиясы

Әр топқа бір парақ қағаз беріледі. Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын топпен бірлесе отырып жазады. Әр топтан бір оқушы шығып, жазылған ойды сыныпқа оқып, талдайды.

Мысал мазмұн

Сөздер әртүрлі болады; сөз заттың, сапаның, қимылдың, санның атауын білдіреді; сөздің мағынасын түсініп барып қолдану керек.

VII

Үйге тапсырма

1) Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап

Таза — …; Ақ — …; Ыстық — …; Ащы — …; Жақсы — …; Биік — …

2) Мағынасына қарай топтап жаз

Дәптер, күлді, екі, әдемі, жылады, отыз бес, парта, кең, алты, жасыл, кітап.

3) Оқулықпен жұмыс

88-бет, 236-жаттығу (ребусты шешу).

VIII

Бағалау

Оқушылар сабақ соңына дейін орындаған тапсырмалары бойынша жинаған ұпайларын санап, өз-өздерін бағалайды.

Автор туралы мәлімет

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Камал Мақпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып жетекшісі — Солтанова Гүлжан Мағауяновна.