Бір - біріне тілек айту
Жалпы мақсат
Бұл сабақтың мақсаты — оқырмандарды халқымыздың бай тілдік мұрасымен танымдық, тағылымдық, прагматикалық, этимологиялық және тіл мәдениеті тұрғысынан таныстыру. Сонымен бірге тілдік жүйе заңдылықтарын түсіндіру, қолданыста қиындық туғызатын түйінді тұстарда лингвистикалық көмек беру және оқу сауаттылығын арттыру.
Оқыту нәтижесі
- Тілдік жүйе заңдылықтарын түсінеді.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Жаттығу жұмысы
Ресурстар
- Оқулық
- Тақта, бор
- Үлестірмелі кеспе қағаздар
7 модульдің қолданылуы
Басқару және көшбасшылық
Білім беру үдерісін ұйымдастыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру және бағыт-бағдар беру.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы нәтижені нақтылау, кері байланысты күшейту.
Сыни ойлау
Дәлелдеу, салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастыру арқылы тілдік құбылысты саналы меңгерту.
Сабақ барысы
1-кезең: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы қосымша сұрақтар арқылы тексеріледі.
Көңіл күй ахуалы (тренинг)
Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтып, сыныпта жағымды орта қалыптастырады.
2-кезең: Мағынаны тану
Қатаң норма — тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әртүрлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке түсіріп, ортақ арнаға келтіретін қазақ тілінің тілдік нормасы.
Негізгі тұжырым
Қатаң норма тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын терең меңгерген адам үшін оны қолдану қиындық туғызбайды.
Тіл қолданысында бір сөздің әр жерде әрқалай айтылуы мүмкін. Осындай жағдайларда дұрыс нұсқаны айқындап беру үшін қатаң норма қажет. Сөйлеуші өзіне “жаны жақын” нұсқаны еркін таңдай алмайды: қарым-қатынас мақсатында тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық мойындаған түрі ғана қолданылады.
Грамматикалық мысал
Қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағындағы етістік кей ортада үш түрлі айтылады:
- сен бар
- сен барғын / сен барғың
- сен барың
Қазіргі қатаң нормаға сәйкес дұрыс нұсқа — «сен бар». Ал «сен барғын» және «сен барың» үлгілері диалектілік қолданыстарға жатады.
Қатаң нормалар тек грамматикада ғана емес, фонетика мен лексика салаларында да кездеседі.
Автор туралы
- Аймақ
- Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
- Мектеп
- Күйкен орта мектебі
- Мұғалім
- Матниязова Айнур Талгатовна (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)