Қабырғаларын өлшеп, дәптерге жазу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Шаршы салу және оның периметрін табу.
Сабақтың түрі
Дамыта оқыту сабағы.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың фигуралар туралы білімін пысықтау және тереңдету.
- Негізгі тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту.
- Білімді, ұқыпты, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
- Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, семантикалық карта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Терең білім — сананың тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимын есептану сабағын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап, дәптер жұмысының дұрыстығын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық
«Орныңды тап» ойыны.
Интерактивті тақтамен жұмыс
Оқушылар фигураларды олардың атауларының тұсына дұрыс орналастырады.
Оқулықпен жұмыс
-
1) Шаршы сызу және дәлелдеу
- Нүктелерді белгілеу арқылы дәптерге шаршы сызу.
- Оның шаршы екенін дәлелдеу.
- Қабырғаларын өлшеп, дәптерге жазу: ұзындығы — 2 см, ені — 2 см.
-
2) Қабырғасы 3 см шаршының периметрін табу
Қабырғасы 3 см болатын шаршы сызу. Периметрін есептеп, дәптерге жазу:
P = 3 см + 3 см + 3 см + 3 см = 12 см