Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білім беру

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі мен мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың типі
Қайталау
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу
Көрнекілігі
Тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың фонетика бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері туралы білімдерін қайталау.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Отырардың күйреуі» тақырыбында эссе.

III. Жаңа сабақ: дауыссыз дыбыстар

Анықтама

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады, сондықтан олардың үні болмайды немесе өте аз болады.

Дауыссыз дыбыстар тізімі

б, в, ғ, г, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у)

Жіктелуі (салдыр мен үннің қатысына қарай)

Қатаң

Салдырдан жасалатын дауыссыздар.

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ

Ұяң

Үн мен салдыр арқылы жасалып, бірақ салдыры басым дауыссыздар.

б, в, г, ғ, д, з, ж

Үнді

Үн мен салдыр арқылы жасалып, бірақ үні басым дауыссыздар.

р, л, й, у (тау), м, н, ң

Ауыз жолды

р, л, й, у

Мұрын жолды

м, н, ң

IV. Жаңа сабақты бекіту

Дыбыстық сәйкестіктер (мысалдар)

п–б

пайдасыз, баласыз, балың, сапар, саптау, қабылда, лапылда, сабақ

т–д

батпақ, қадақ, садақ, дақ, табыс, талап, дәрі, даналық

к–г

әке, егін, көктем, көгер, күл, керемет, төк, тергеу

қ–ғ

қағаз, қақты, бағдарлама, бақыр, ғасыр, ғарыш, қасық, қақ

с–з

азамат, бастыр, сүзбе, сүзісті, сағыз, қаз

ш–ж

шашпау, қажымас, қашқын, жапырақ, жиен, шаттық, жалтылда

Жұмбақ тапсырмалар (дыбысты анықта)

1) Жаңада жоқ, Ескіде бар. Танада жоқ, Ешкіде бар.

Жауабы: к — дауыссыз, қатаң

2) Тарақта бар, Шашта жоқ. Тамақта бар, Аста жоқ.

Жауабы: қ — дауыссыз, қатаң

3) Ләзатта бар, Жанатта жоқ. Азатта бар, Қанатта жоқ.

Жауабы: з — дауыссыз, ұяң

4) Нанда бар, Етте жоқ. Айранда бар, Сүтте жоқ.

Жауабы: н — дауыссыз, үнді (мұрын жолды)

5) Жазуда бар, Сызуда жоқ. Жылуда бар, Қызуда жоқ.

Жауабы: ж — дауыссыз, ұяң

6) Өмірде жоқ, Өңірде бар. Ауырда жоқ, Жеңілде бар.

Жауабы: ң — дауыссыз, үнді (мұрын жолды)

Қысқа тапсырмалар

1) Ұяңға аяқталатын сөздер

Ұяң дауыссызға аяқталатын сөздерді тауып жазыңдар.

жаз, қаз, қораз, наз, аз, таз, тәж, саз

2) Сөз ортасындағы қос дауыссыз

Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды тауып жазыңдар.

тастақ, жастық

3) Ортада тұрған у, й

У, й дыбыстары сөздің дәл ортасында тұрған сөздерді тауып жазыңдар.

жауын, қайық, тауық, қайың

Үлестірме қағаз бойынша жұмыс

1) Мәтін және сұрақтар

«Әдепті балалар»

Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Үлкен кісілер әңгімелескенде, сөзге араласпайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.

  1. а)Біздің елімізде қандай балалар көп?
  2. ә)Олар не істейді?
  3. б)Қайда үлкендерге орын береді?

2) Өзің туралы айт

Менің атым — …

Фамилиям — …

Мен … жастамын.

Туған жерім — …

3) Фонетикалық талдау

«ақылды» — а-қыл-ды

V. Қорытынды және бағалау

Сабақ мазмұны қорытындыланып, оқушылардың жұмысы бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

  • «Ана — өмірдің шырағы» тақырыбында әңгіме жазу.
  • «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын қайталау.
  • Тестке дайындалу.