Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан
Тәрбие сағаты: «Бірлігі жарасқан Қазақстан»
Бұл тәрбие сағаты балалардың достық, бірлік және халықтық құндылықтар туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған. Мақсат — оқушыларды ынтымаққа, татулыққа, Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Мақсаты
- Достық, бірлік, халық құндылықтары туралы түсінікті кеңейту.
- Ынтымаққа, татулыққа тәрбиелеу.
- Өз Отанын сүюге, құрметтеуге және қорғауға баулу.
Көрнекілігі
Көрнекі құралдар мемлекеттік рәміздер мен ортақ үй — Қазақстан идеясының маңызын айқындайды.
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жер! Армысың, асыл дос! Армысың, асыл аспан! Бір-біріңе жылу қос, Болайықшы жақын дос!
Мұғалім оқушыларға жылы лебіз білдіріп, бір-біріне күлімсірей қарап, қонақтармен ілтипатпен амандасуға шақырады.
Мемлекеттік Әнұран
Аян
Әнұраным — жанұраным, Айтар әнім — сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады — Республикам Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Одан кейін сыныппен талқылау жүргізіледі:
Сұрақ
Әнұранның авторлары кімдер?
Еділ
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі — Баға жетпес асыл ән.
Мемлекеттік рәміздер: Елтаңба мен Ту
Елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Елтаңба — егемен елдің белгісі, өзге елдермен теңдіктің нышаны.
Ту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы — суретші Шәкен Ниязбеков.
Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран — сәні бар. Көк байрақ — ашық көк кеңістік, Алтын күн — жеңістің белгісі. Алтын күн көтерген ел құсы — Халқымның батырлық белгісі!
Отан туралы ой
Отан — әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансыз да өмір сүре алмайды.
Отан — туған жер, туған-туыс, дос-жарандармен бірге өмір сүретін ортақ мекен. Біздің Отанымыз — Қазақстан.
Қазақстан туралы
Қазақстан — көптеген мемлекеттер мойындаған тәуелсіз ел. Өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Халық
Республика халқы шамамен 17 миллион. Қазақ халқымен бірге 130-дан астам ұлт өкілдері тату өмір сүреді.
Бірлік
Барлық ұлт өкілдері елдің шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға белсене қатысып, бірлесе еңбек етеді.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды. Тәрбие сағатының «Бірлігі жарасқан Қазақстан» деп аталу себебі де — осы ортақ құндылықтарды дәріптеу.
Өнер бөлімі: попурри және «Достық» әні
Оқушылар әр ұлттың достығын жырға қосып, өнер арқылы татулықтың мәнін ашып көрсетеді.
Ақ, қара деп алдымен, Елім бөлмес адамды. Дәстүр, өнер, салтымен Таңқалдырған ғаламды. Жырласа қазақ, түрікмен, Молдован, тәжік үн қосқан. Дос жүректер біріккен, Мейірімдер жарасқан. Тыңда, тыңда, тыңда мені, Ұлы жұртым — орыс халқым. Сен тербетіп өсіргенсің, Сенің даңқың — менің даңқым. Кім сүймейді ет жақынын, туысын, Украина — туысымның бірісің. Тұрды биік туымыздай бұл достық, Ел басына төнгенде де ұлы сын. Қадірменді бір досымыз — өзбегім, Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім. Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің, Өз көзімдей күлімдейді көздерің. Дәм-тұзымыз араласты әріден, Дастарқандар жайылады сәнімен. Палауыңмен басбармағым сыбайлас, Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. Жолым түсіп, тағдыр талап, Грузин дос, болдым қонақ. Қазағымдай кең пейілің, Дастарханды жайдың мол-ақ. Қазақ-қырғыз — туыссыңдар, доссындар, Бір тамырдан сендер өскен қос шынар. Дос-туыстар көп болса да дүниеде, Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин
Дамир
Қырғыз
Амир
Қазақ қызы
Қарақат
Дамир: Қырғызға таңырқай қарап: «Сенің ұлтың кім?»
Амир: «Қырғыз.»
Дамир: «Сен қырғыз болсаң, өз еліңе неге бармайсың?»
Амир: «Менің өз елім — Қазақстан.»
Дамир: «Жоқ, сен Қырғызстанда тұруың керек!»
Амир: «О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстанды өз Отаным деп білемін.»
Дамир: «Сен өз еліңе қалайда кетуің керек.»
Амир: «Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? Сенің де өз елің бар!»
Қарақат: «Балалар, неге дауласып жатырсыңдар? Мен түсінгім келеді.»
Екеуі бірге: «Біз бір-бірімізге өз еліңе қайтуың керек деп жатырмыз. Қайсымыз кетуіміз керек екенін білмейміз.»
Қарақат: «О не дегендерің! Біздің Отанымыз — көпұлтты Қазақстан. Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та және басқа ұлттар да тату-тәтті өмір сүре береді. Ендеше, неге дос болмаспыз? Қане, қолдарыңды біріктіріңдер!»
Бәрі бірге: «Біз доспыз, әрқашан біргеміз!»
Ынтымақ бар жерде — бірлік, достық, татулық бар. Ынтымағымыз әрқашан жараса берсін!
Дастархан — береке мен құрмет
Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз, ұсынамын төрден орын, Досым деген адамға — міне, қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек: Адамзат, оң сапарда болсын жолың!
Маңызды мерейтойлар
-
550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына
-
70 жыл
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына
-
20 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясына
-
20 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясына
Қорытынды
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көгімізде жарқырайды жарық күн. Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
Хормен
Ақпыз, қара, сарымыз — Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз — Ағайынбыз бәріміз.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Жүргізуші мұғалім
Ахметова Гүлден Жұмажановна