Толымды сөйлем
Сабақтың тақырыбы
Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың жай сөйлем түрлері бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу және нығайту; синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық
Білімді шығармашылық тұрғыда қолдануға бағыттау; шешен сөйлеуге, ойын анық әрі ашық жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік
Оқуға саналы көзқарас қалыптастыру; адамгершілік құндылықтарды дамыту.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, топпен жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілігі
- Үлестірме парақшалар, кесте-қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін бақылау.
- Сыныпты екі топқа бөлу: «Дарын» және «Талап».
II. Бағдарлау кезеңі
Екі топқа да сұрақтар беріледі. Мақсат — жай сөйлем түрлерін ажыратып, анықтамаларын нақты айту.
«Дарын» тобына сұрақтар
-
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрі.
Жауабы: жалаң сөйлем
-
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Іс-оқиғаны баяндамай, тек заттың, құбылыстың, мекеннің немесе мезгілдің атауын білдіретін сөйлем.
-
Үзінді: «Сол күні қарлы жаңбыр жауған екен. Ұлпа уәделі жерге келсе, аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ!..»
- Үзінді қай әңгімеден алынған? Авторы кім?
- Бірінші сөйлем — жай сөйлемнің қай түрі?
С. Мұқанов, «Есіл бойында» Жақты Жайылма Толымды -
Бастауышы мүлдем болмайтын сөйлемнің түрін ата.
Жауабы: жақсыз
-
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалатын сөйлем.
Жауабы: толымсыз
«Талап» тобына сұрақтар
-
Тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелердің қатысуымен жасалатын сөйлемнің түрі.
Жауабы: жайылма сөйлем
-
Толымды сөйлем дегеніміз не?
Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлем.
-
Үзінді: «Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір-екі ауыздан ән салды.»
- Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?
- Бірінші сөйлем — жай сөйлемнің қай түрі?
Ж. Аймауытов, «Әнші» Жақты Толымсыз Жайылма -
Бастауышы бар (жоқ болса, сұрақ қою арқылы табуға болатын) сөйлем қалай аталады?
Жауабы: жақты
-
«Қыс. Қаңтар айы. Айсыз бұлтты түн.» — жай сөйлемнің қай түрі?
Жауабы: атаулы
III. «Қарлы кесек» ойыны
Әр топ берілген сөйлем түрлеріне мысал келтіреді.
«Дарын» тобы
Жақты, жайылма, толымды сөйлемдерге мысал келтіріңдер.
«Талап» тобы
Жақсыз, жалаң, толымсыз сөйлемдерге мысал келтіріңдер.
IV. Жаттығу жұмыстары
Мақсат — берілген сөйлемдерден жай сөйлемнің түрлерін ажырату.
№1 парақша
- Мұңды бір дауыс жақындап келеді.
- Елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан қарыштап дамып келеді.
- Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын, жаманның жамандығын айт — құты қашсын.
№2 парақша
- Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
- Астана. Бәйтерек. Самаладай жарқыраған шамдар.
- Халыққа әділеті мен жанашырлығымен жақатын адам.
№3 парақша
- Қарлығаштар тағы келді.
- Сүйікті қарындасым.
- Желтоқсан айы. Бұлтты күн. Жер қалың қар.
- Тыңдай білу — тыңғылықтылық; ойлай білудің кілті екен.
№4 парақша
- Кең-байтақ Отанымыздың жүрегі — Астана қаласы.
- Қазақстан — қазақтың ақ бесігі.
- Сөз анасы — құлақ.
- Әңгімешіл, сөзуар сөзімен көпті үйіргіш адамдар бар.
- Еркіндік көктемі. Дербес ел болу көктемі.
V. Қолдану
«Қыс келбеті» және «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыптарының бірін таңдап, толғау жазыңдар.
VI. Жинақтау (Венн диаграммасы)
Тапсырма 1
Әр топтан екі оқушы шығып, жақты және жақсыз сөйлем, сондай-ақ толымды және толымсыз сөйлем түрлерінің өзіндік және ортақ белгілерін жазады.
Тапсырма 2
Қалған оқушылар жалаң және жайылма сөйлем түрлерінің өзіндік және ортақ белгілерін жазады.
VII. Сәйкестендіру тесті
Сөйлем түрін берілген мысалдармен сәйкестендіріңдер.
Сөйлем түрлері
- Жақты сөйлем
- Жақсыз сөйлем
- Жалаң сөйлем
- Жайылма сөйлем
- Толымды сөйлем
- Толымсыз сөйлем
- Атаулы сөйлем
Мысалдар
- Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз.
- Боран ұйытқи соғып тұр.
- Әлі жауап қатпаған Абайды сөйлеткісі келді.
- Дос жүрегіне сенеді.
- Өзім сөйлесемін.
- Ақан бүгін шиті мылтықпен киік атып әкелді.
- Аспан бүгін тап-таза.
VIII. Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын бағалайды.
IX. Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдарды қайталап, қорытынды сұрақтар арқылы бекіту.
X. Үй тапсырмасы
«Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында толғау жазу.