Сабақтың барысы:I

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі.
  2. II Жаңа сабақ.
  3. III Л. В. Бетховен шығармаларының ерекшеліктері (фото-слайд арқылы көрсету).

Жаңа материалды түсіндіру

Немістің ұлы композиторы Людвиг ван Бетховен 1770 жылы 16 желтоқсанда Рейн өзенінің жағасындағы Бонн қаласында, әнші отбасында дүниеге келген. Болашақ композитор жастайынан материалдық қиындық көріп өседі.

  • Жас кезінен скрипка, фортепиано және органда ойнаған.
  • 1792 жылы Венаға келіп, атақты пианист-импровизатор ретінде танылған.
  • Венада 2 симфония, 6 квартет, фортепианоға арналған 7 соната және көптеген туындылар жазған.

Шығармашылығы шарықтап тұрған кезеңде композитор есту қабілетінен айырылады. Соған қарамастан, 1804 жылы өзінің үшінші симфониясын — «Героикалық», ал 1805 жылы жалғыз операсы — «Фиделио» туындысын жазады.

«К Элизе» шығармасына тоқталу

Бүгін біз Бетховеннің ең танымал әрі құнды шығармаларының бірі саналатын «К Элизе» туындысына тоқталамыз.

1965 жыл

Биограф, композитор әрі музыкант Людвиг Ноль Мюнхен қаласынан Бетховеннің «К Элизе» шығармасына қатысты жеке қолжазбасын және ноталарын тауып алады.

1867 жыл

Людвиг Ноль бұл шығарманы жарыққа шығарады. Алайда содан кейін қолжазба қайтадан жоғалып кеткені айтылады.

Табылған қолжазбада «Элизаға мәңгілік ескерткіш» деген мағынадағы жазба және Бетховеннің қолтаңбасы болғаны көрсетіледі. Шығарманың шығу тарихына қатысты кең тараған дерек бойынша, композитор бұл туындыны өзінің талантты шәкірті әрі шығармаларын ерекше шеберлікпен орындайтын Элизабет Рекельге арнаған. Тіпті Бетховен оған үйленуге ұсыныс жасап, бірақ жауап ретінде келісім ала алмағаны айтылады.

Сондай-ақ бұл шығарманың нотасы ұзақ уақыт бойы Элизабеттің қолында сақталған деген мәлімет бар.

Осы мәліметтермен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.