Сабақ үлгісі
Құрметті сайт қолданушылары!
2015–2016 оқу жылын қорытындылау мақсатында «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырамыз. Бәйгенің негізгі мақсаты — Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Қатысу құны
3000 теңге
Сабақ сайтқа жарияланғаннан кейін төлем реквизиттері жіберіледі.
Жіберілетін материал
Ашық сабақ жоспары
Бұрын енгізілген сабағыңыз үлгі талаптарына сай болса, оны да қатыстыруға болады. Жаңа жұмыс жіберуге де рұқсат.
Бәйгенің шарттары
- Ұстаз өз пәні бойынша бір ашық сабақ жоспарын ұсынуы тиіс.
- Тек бір ғана сабақ жіберуге болады.
- Сабақ сайтқа жарияланған соң төлем реквизиттері жіберіледі.
Маңызды ескерту
Кембридж тәсіліндегі қысқа мерзімді жоспарлар қабылданбайды.
Сабақ жоспарына қойылатын талаптар
Құрылым және мазмұн
- Жоспар көлемі кемінде екі бет болуы қажет.
- Тақырыпты толық ашуға тырысыңыз.
- Ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал-мәтел қолданылса — құпталады.
- Слайдтың болуы міндетті емес.
Техникалық талаптар
- Жұмыс Word форматында сауатты терілуі керек.
- Қаріп өлшемі: 14.
- Сабақтың үлгі талаптарына сай болуын қадағалаңыз.
Қатысуға арналған үлгі
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгіге сай мәліметіңізді жіберіңіз.
Мысал
Мекеме / өңір
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Төле би кенті, №70 орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Категория
Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы
Жазбаша қосу және азайту
Төлем реквизиттері
Сабақ сайтқа жарияланғаннан кейін реквизиттер жеке хабарлама ретінде жіберіледі.
Бағалау тәртібі
Қалай бағаланады?
Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз ұпайын қояды. Соған қоса сайт арқылы дауыс беру нәтижесі қосылып, қорытынды балл шығарылады.
Комиссия құрамы
Бағалау комиссиясын сайт ұжымы анықтап, жасақтайды. Портал тарапынан бәйгенің барынша ашық әрі әділ өтуіне мән береміз.
Марапаттау
Барлық қатысушылар
Сертификат және сайт атынан алғыс хат.
Үздіктер
Диплом, сертификат және алғыс хат.
Ең үздіктері
Ақшалай сыйлық.
Бәйге соңында жүлделі орын алған ұстаздардың суреттері сайтта жарияланады.
Күнтізбе
Бәйге уақыты
10.02.2016 – 31.04.2016
Жұмыстарды қабылдау және жариялау кезеңі.
Сайт арқылы дауыс беру
01.05.2016 – 14.05.2016
Қатысушылардың жұмыстарына дауыс беру кезеңі.
Қорытынды
15 – 20 мамыр
Нәтиже жарияланып, үздіктер анықталады.
Жүлделі орындар (әр категория бойынша)
Бас бәйге
1 орын
Бірінші орын
1 орын
Екінші орын
2 орын
Үшінші орын
3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсенділігіне тікелей байланысты. Қатысушылар санына қарай орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.
Бәйге номинациялары
Бәйге төмендегі пәндер мен бағыттар бойынша үздіктерді анықтайды:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
Физика пәнінің үздік ұстазы
Информатика пәнінің үздік ұстазы
Химия пәнінің үздік ұстазы
Биология пәнінің үздік ұстазы
Тарих пәнінің үздік ұстазы
География пәнінің үздік ұстазы
Технология пәнінің үздік ұстазы
Музыка пәнінің үздік ұстазы
Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
Балабақша үздік тәрбиешісі
Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы
Тілек
Ұстаздар, баршаңызға сәттілік! Бәйгеге белсенді қатысып, тәжірибеңізбен бөлісіңіз.