Өсу ретімен жазып көр

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ
Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылы
Мектеп
№12 ЖЖБ мектеп
Мұғалім
Байдилдаева Макпал Шамғалиевна
Пән
Математика
Сынып
2-сынып
Тақырып
Бірдей санды біртіндеп азайту
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Бірдей азайғыштардың айырмасын табудың мән-мағынасын ашу және сәйкес терминдерді меңгерту.
  • Теңдеуді шешуге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Кестелік қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Сабақтың әдістері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Көрнекілік Ойын Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар
  • Үлестірмелі материалдар, геометриялық фигуралар
  • Интерактивті тақта және қосымша ресурстар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Назар аударту

Шырылдады қоңырау — біз сабақты бастадық.

Партамызға отырып, өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен, жаңа білім алуға алға қадам аттаймыз.

Көптен күткен қоңырау соғылды — сабақ басталды.

Тексерейік түгендеп: дәптер, қалам, кітапты.

Сабағымыз басталсын, пайдасы оның көп болсын!

2) Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгін математика сабағына қонақтар қатысып отыр. Бұл — ерекше сабақ. Сондықтан күш-жігерімізді, білімімізді көрсетейік. Барлығыңа сәттілік тілеймін.

Жұмбақ

Шанамен зырлап желетін, шаңғы, коньки тебетін, аққала жасап ойнайтын — қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қыс — жылдың нешінші мезгілі, ал қыстың қай айлары бар?
  • Қыстың басқа мезгілдерден ерекшелігі қандай?

Өлең

Қыс

Қыс келді, қыс иықтап,

Қалды аюлар ұйықтап.

Қыс келді, қыс мұз-қарлы,

Қыраулы да ызғарлы.

Қыс келді, қыс боранды,

Қырат көрпе оранды.

Қысқы саяхатымызға “қарақшы” келіп, тапсырмалар әкелді. Егер тапсырмаларды орындамасақ, жер бетінде мәңгі қыс болып қалады. Қарақшының сандықшасын ашу үшін келесі жұмбақты шешейік.

Жұмбақ

Мамықтай ақ, қанттай аппақ. Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.

Жауабы: Қар

Қыстың ең алғашқы белгісі — қардың жаууы. Ендеше “қар түйіршіктері” тапсырмаларын орындайық.

3) Тапсырмалар

1. Ауызша есептеу (салыстыру)

Төмендегі жұптарды салыстырып, тиісті белгіні қойыңдар: >, <, =.

15 □ 59

45 □ 51

67 □ 72

43 □ 18

54 □ 78

98 □ 45

11 □ 23

34 □ 57

76 □ 34

2. Сандар қатарын қалпына келтіру

Берілген сандарды өсу ретімен жаз.

Берілгендер

54, 45, 25, 69, 23, 78, 96, 12

Дәптермен жұмыс

Дәптерді ашып, күн ретін жазайық. Одан кейін математикалық диктант орындаймыз.

3. Математикалық диктант

45 + 15 = 60

65 − 15 = 50

37 + 20 = 57

90 − 35 = 55

76 + 23 = 99

78 − 34 = 44

20 − 18 = 2

54 + 34 = 88

50 + 50 = 100

4) Жаңа сабақ

Бүгінгі негізгі идея: бірдей санды біртіндеп азайту — бір саннан бірдей азайғышты бірнеше рет азайту арқылы нәтижеге келу.

Сұрақтар

  • Бізде неше қапсырма бар?
  • Төрт қапсырмадан неше бешпетке тігіледі?

Ескерту: нақты жауаптар көрнекілік арқылы (қапсырмалар санына қарай) анықталады.

Үлгі

Бірдей азайғышты қайталай азайтқанда, әрекет тізбектей орындалады.

8 − 4 − 4 = 0

6 − 2 − 2 − 2 = 0

Оқулықпен жұмыс

  • №1 (а): 8 − 4 − 4 = 0
  • №2: 6 − 2 − 2 − 2 = 0