Жалғаулардың түрлерін ата
Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің жіктелуі
Жалпы мақсаты
Жіктік жалғауының семантикалық сипатын анықтай отырып, зат есімдердің бәріне бірдей жіктік жалғау жалғанбайтынын ұғындыру. Қосымшаларды сауатты жалғауға дағдыландыру.
Оқу нәтижесі
Жіктік жалғауларының семантикалық сипатын анықтайды; арнайы тапсырмалар арқылы зат есімдерге жалғауларды дұрыс жалғап қолданады.
Міндеттері
- Алған білімін өмірде қолдану.
- Өздігінен шешім қабылдап, жұмыс істей білу.
- Тапсырманы ұқыпты орындау.
- Өз бетінше іздену дағдысын дамыту.
Модульдер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар
Сергіту сәті
«Джунглиде жаңбыр»
Сұрақ-жауап
«Серпілген сауалдар» стратегиясы
Тексеру және бекіту
«Ала доп» әдісі, «Әлемді шарлау»
Жазылым және ой қорыту
Еркін жазу, «Ала қалпақ» әдісі
Рефлексия және бағалау
- Оқушының көзқарасын анықтау үшін кесте толтыру.
- Өзара бағалау кестесін толтыру.
Сабақ барысы (мұғалімнің жазбалары)
I. Кіріспе бөлім
5 минутКөңіл күй ахуалы: «Джунглиде жаңбыр».
Нұсқау
- Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар.
- Өздеріңізді джунглиде жүрміз деп елестетіңіздер: күн жарқырап, ауа ыстық әрі қапырық.
- Бір уақытта самал жел соғады: алдыңызда тұрған адамның арқасына жеңіл қимылдар жасаңыз.
- Жел күшейеді: арқаны сәл қаттырақ басыңыз.
- Қатты дауыл соғады: қимылды күшейтіп, шеңбер бойымен жүргізіңіз.
- Ұсақ жаңбыр сіркірейді: серіктесіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түрткілеңіз.
- Кенет нөсер жауын құяды: алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қарай қимыл жасаңыз.
- Бұршақ жауады: арқаны сәл қаттырақ соғыңыз.
- Қайтадан нөсер жауын жауады, кейін ұсақ жаңбыр сіркірейді.
- Дауыл басылады, жел саябырлайды, ауа райы қалпына келеді.
II. Топқа бөлу
Түрлі түсті шариктер арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.
III. Өткен сабақты қайталау
7 минутҮй тапсырмасы «Ала доп» әдісі арқылы тексеріледі.
Тапсырма
Тәуелденген сөздерді септеу және жазбаша жұмысты тексеру: әжем, әжесі, әжең, әжеңіз.
IV. Миға шабуыл
5 минут«Серпілген сауалдар» стратегиясы бойынша мұғалім кез келген топ мүшесіне сұрақтар қояды.
Сұрақтар
-
Жалғаулардың түрлерін ата.
Көптік, септік, жіктік.
-
Көптік жалғаудың қосымшалары қандай?
-лар, -лер; -дар, -дер; -тар, -тер.
-
Жинақтық мәндегі көптік жалғаулы сөз дегеніміз не?
Бір заттың төңірегіндегі заттардың көптігін білдіретін сөздер (мысалы: жансеріктер т.б.).
-
Тәуелдік жалғаудың неше түрі бар?
Оңаша және ортақ тәуелдеу.
-
Оңаша тәуелдеу мен ортақ тәуелдеудің айырмашылығы қандай?
Оңашада заттың иесі біреу; ортақта заттың иесі бірнешеу.
-
Септік жалғаулар нешеу? Қай септікте қосымша жоқ?
Жетеу. Қосымша атау септікте жоқ.
-
Бағытты нұсқайтын септікті ата.
Барыс септік.
-
Мезгіл мен мекен мағынасын білдіретін септікті ата.
Жатыс септік.
-
Жай септеу мен тәуелді септеудің айырмашылығын ата.
Жай септеуде түбір күйіндегі зат есімдер септеледі; тәуелді септеуде алдымен тәуелденіп, содан кейін септеледі.
-
Тәуелді септеуде қай септіктерде қосымшалар өзгеріске ұшырайды?
Барыста: -а, -е; табыста: -н; жатыста: -нда, -нде.
-
Нысанды көрсететін септікті ата.
Табыс септік.
-
Затты меншіктейтін септіктің атауы қандай?
Ілік септік.