Эмоция жаттығуы
Өз кәсібіңнің шебері бол!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы, ұстаз болу – мінездің күн шуағы, азбайтын адамның алтындығы. — Ғ. Қайырбеков
Мақсат
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру және дамыту.
Бағыт
Оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға бейімдеу, педагогтің балаға қатысты жағымды эмоциялық қатынасын күшейту.
Нәтиже
Қиын балалармен жұмыс тәжірибесін бөлісу, қолдау көрсету және ортақ кәсіби ресурсты кеңейту.
Тренинг жоспары
- «Кәсіптік герб» жаттығуы
- «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені…» жаттығуы
- «Эмоция» жаттығуы
- «Кейпін тап» жаттығуы
- «Жест таңдау» жаттығуы
- «Менің ең қиын оқушым» жаттығуы
- «Кездескенше» жаттығуы
- Қорытынды
Жаттығулар мазмұны
1) «Кәсіптік герб»
Шығармашылық рефлексияБіз бәріміз педагогпыз. Әр қатысушыға өзіне тән кәсіби герб әзірлеу ұсынылады. Гербтің сипаты мен формасын әркім өзінше түсінеді. Қатысушыларға ватман мен түрлі түсті қарындаштар беріледі: алдымен гербтің контурын салып, кейін ішін мазмұнды бейнелермен толықтырады.
Нені көрсету маңызды?
- Кәсіби қызметіңіздегі ең маңызды жетістік немесе оқиға.
- Оқушыларыңыз пайдалана алатын, сізді қуантатын білім немесе дағды аясы.
- Педагогикалық қызметте көмектесетін жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.
Талдау сұрақтары
- Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айтады?
- Суреттер неге әркелкі болып шықты?
- Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертер едіңіз, неліктен?
- Ең сәтті герб қайсысы? Ол несімен ерекшеленеді?
2) «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені…»
Қолдау дағдысыҚатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әңгімені «Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі…» деп бастап, өз ойымен бөліседі. Екінші топ тыңдап болып, «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені…» деп жалғастырып, қолдау білдіреді.
Талдау сұрақтары
- Серіктесіңіздің әңгімесіне толық сай жауап қайтара алдыңыз ба?
- Жауап беру қиын болды ма? Қиындық неден туындады?
- Қолдау алған сәтте қандай сезімде болдыңыз?
3) «Эмоция»
Артистизм және икемділікМақсаты
Мұғалім бойында артистизмді, эмоциялық мәнерлілікті, икемділікті және оқушымен қарым-қатынаста образдылық техникасын дамыту.
Шарты
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әр қатысушы ортаға шығып, үстелдегі қима қағаздан тапсырма алады. Бет-әлпет қимылы, поза, әрекет, жест және кейбір бейтарап фразалар арқылы бір эмоцияны жасырып көрсетеді. Қалғандары эмоцияны табуы керек.
Талдау сұрақтары
- Тапсырма қиындық келтірді ме?
- Біреудің эмоциясын бейнелеу оңай болды ма?
- Дауыс интонациясын келтіру кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- Қай эмоциялар кері әсер берді деп ойлайсыз?
4) «Кейпін тап»
Образды түсіндіруМақсаты
Жаңа оқу материалын тиімді түсіндіру үшін мұғалімнің образды тілін қалыптастыру.
Шарты
Топ шеңбер құрып отырады. Әр қатысушы кез келген оқу тақырыбының бірлігін таңдап, образды түрде түсіндіреді. Мысалы: теңдеу, көлем, септік және т.б. Шеңбер бойымен жауап беріледі. Алдыңғы қатысушының түсіндіруін қайталауға болмайды.
Талдау сұрақтары
- Жаңа материалды түсіндіруді қалай бағалайсыз?
- Образды жеткізу кезінде қандай күйде болдыңыз?
- Топ алдында сөйлеу оңай болды ма?
- Жаттығудың қай тұсы ұнады?
5) «Жест таңдау»
Мәнер және пластикаМақсаты
Әр қатысушы үшін жест жүйесінің мәнерлілігін қалыптастыру.
Шарты
Мұғалімдер шеңбер құрып отырады. Әр қатысушы 3–5 минут ішінде тәжірибесінен бір қызықты, кейін бір қиын оқиғаны еске түсіріп, мәнерлі әрі тартымды түрде баяндап береді. Әңгімелеуде бет-әлпет, поза, жест және өзге де сыртқы пластика тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Талдау сұрақтары
- Қай оқиғаны баяндау жеңілірек болды?
- Қай оқиғаны баяндау қиынырақ болды?
- Жаттығудың несі ұнады?
6) «Менің ең қиын оқушым»
Тәжірибе алмасуМақсаты
Балаға қатысты жағымды эмоциялық қатынасты дамыту және қиын оқушымен жұмыс тәжірибесімен бөлісу.
Шарты
Қатысушылар шеңбер бойымен өз тәжірибесінде кездескен қиын оқушы туралы әңгімелейді: сырт келбеті, сабақтағы мінез-құлқы, үлгерімі, туындаған қиын жағдайлар және оларды шешу жолдары.
Талдау сұрақтары
- Жаттығуды орындау қиын болды ма?
- Қиын оқушының эмоциясын сипаттағанда қандай ойда болдыңыз?
- Қай жағдай сізге ерекше қиындық келтірді?
7) «Кездескенше»
Кері байланысБарлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Жетекшінің қолында кішкентай «сиқырлы күн таяқшасы» болады: ол жылу, қуаныш, табыс, бақыт және сүйіспеншілік сыйлайды деген символдық мәнге ие. Қатысушылар таяқшаны бір-біріне беріп, тренингтен алған әсері мен пікірін бөліседі, әрі әріптестеріне жылы тілегін арнайды.
Қорытынды
Ұстаз — жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көргенін, естігенін және аңғарғанын жадында сақтайтын; алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; жақындарына да, жат адамдарына да әділ; жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін; қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт келбеті мен киім киісі арқылы да оқушысына жақсы мағынада күшті әсер етеді.
Тілек
Осы ғұламалар айтқандай, жас мамандар, өз кәсібіңіздің шебері болуыңызға шын жүректен тілектеспіз.