Қауіпсіздік ережесін айту

Шығармашылық Мүсіндеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырып

Құстарды қоректендіреміз (бидай)

Көрнекілік

Бидай

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, айту, түсіндіру

Мақсаты

  • Білімділік: балаларға құстар және оларды қоректендіру туралы түсінік беру, бидаймен таныстыру.

  • Дамытушылық: ермексаздан бидай жасау арқылы саусақ бұлшықеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа және қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

Бидай Қорек Диірмен

Негізгі ой

Қыста құстарға жем табу қиын. Балаларға табиғатқа жанашырлық танытып, торғайларға бидай шашу арқылы көмектесуді үйретеміз.

Танымды ояту

Шаттық шеңбері

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу, күнмен амандасу.

Мақсаты: балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Назарды сабаққа аудару

Сабақтың тақырыбын таныстырып, балалардың қызығушылығын ояту.

Ұйымдастыру – іздестіру

Жаңа сабақ

  • Балаларға сурет көрсетіп, сұрақ қою: «Бұл қандай құс?» (торғай).

  • Торғайдың далада тіршілік ететінін, жазда әртүрлі жемістермен қоректенетінін, ал қыста қорек табудың қиындайтынын түсіндіру.

  • Қыста торғайларға көмектесу жолдары: жемшашар жасап, бидай шашып қою.

Бидай туралы түсіндіру

  • Бидайды адамдар егеді, баптап күтеді.

  • Бидайды диірменге тартып, ұн алады.

  • Ұннан нан және басқа да тағамдар жасалады.

Практикалық бөлім

Балалар ермексаздан торғайларға арнап бидай мүсіндейді.

Қауіпсіздік ережесі

  • Ермексазды ауызға салмау.

  • Жұмыс орнын таза ұстау.

  • Сабақ соңында қолды жуу.

Сергіту сәті

Нан қоқымын шашпаймыз,
Жерде жатса баспаймыз.
Теріп алып қолыма,
Торғайларға тастаймыз.

Ойын: «Ойлан, тап!»

Мақсаты

Балалардың бидай туралы алған білімін бекіту.

Шарты

Тәрбиеші бірнеше сурет көрсетеді. Балалар ұннан жасалған заттарды тауып, атап айтады.

Рефлексия және түзету

Қорытынды

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтап, жетістігін атап өту.

Күтілетін нәтиже

  • Білу керек: бидайдың еңбекпен келетінін түсіну.

  • Болу керек: мүсіндеу сабағы туралы жалпы түсінігі қалыптасу.

  • Істей білу керек: берілген тапсырманы тиянақты әрі ұқыпты орындау.

Дереккөз

Мекеме

ШҚО, Аягөз қаласы, Аягөз аудандық білім бөлімінің №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Лауазымы

Кіші кешен тәрбиешісі

Төлеужанқызы Тоғыжан

Ескерту

Материалдың толық нұсқасын жүктеу туралы ақпарат бастапқы мәтінде көрсетілген.