Құрметті оқушылар, ендігі мақсат мынау

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Есілбай ауылы

Өткізген

Мектеп психологі: Алигожина Камшат Габдулманаповна

Тақырып

ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

Сабақтың мақсаты

Әрбір оқушының ойлау қабілетін дамыту, ҰБТ-ға деген өз-өзіне сенімділігін күшейту және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру.

Қажетті құралдар

Көрнекі құралдар

  • Табиғат көрінісі бар слайдтар
  • Алма ағашының суреті
  • Алмалар

Техникалық құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Музыкалық әуен

Релаксация

Құрметті оқушылар, алдымен орындарыңыздан тұрыңыздар. Денелеріңізді еркін ұстап, тұла бойыңызды босаңсытыңыздар. Миыңызды тынықтырып, терең дем алып, ішкі дүниеңіздегі жағымсыз ойларды сыртқа шығарыңыздар.

Енді мен айтқан сөздерді бірге қайталаңыздар:

  • Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін.
  • Әлемде мені бәрі жақсы көреді.
  • Мен бақытты оқушымын.
  • Менің денсаулығым мықты.
  • Мен білімді оқушымын.
  • Мен жаңа ғасырдың оқушысымын.
  • Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын.

Рақмет. Енді орындарыңызға жайғасып отырыңыздар.

Медитация

Енді көздеріңізді жұмыңыздар. Көз алдарыңызға елестетіңіздер: сіздер әсем, шебер бағбан баптап өсірген алма бағында серуендеп жүрсіздер.

Осы сәтте әрқайсыңыз өз өміріңіздегі ең бақытты шақтарды еске түсіріңіздер. Жүрек түбіндегі арман-мақсаттарыңызды қиялдаңыздар. Ішіңізден мына ойларды қайталаңыздар:

Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын. Менде бәрі жақсы болады. Өзіме деген сенімім мол. Мен үшін бәрі оңай әрі түсінікті болады.

Оң жағыңызға қарасаңыз — қып-қызыл алманы көресіз. Сол жағыңызда — сары және қызыл алмалар самсап тұр. Алманың хош иісін сезініңіздер: терең дем алып, кеудеңізді кең ашып, рахат күйге бөленіңіздер.

Енді жайлап көздеріңізді ашыңыздар.

Практикалық тапсырма: «Арман алма»

Ендігі мақсат мынау: шебер бағбанның бағында өскендей алманы әрқайсыңызға таратып беремін. Сол алмаға жүрек түбіңізде жатқан арман-тілектеріңізді жазыңыздар — мәтін түрінде, схема түрінде немесе жұмбақтап та жазуға болады.

Уақыт

3 минут

Жазыңыз Жинаңыз Іліңіз

Алмаларды жинаймыз. Алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман алма ағашына» сіздердің алмаларыңыз ілінеді. Осы сәтті — жүрек түбіндегі тілектеріңіз орындалуға бір қадам жақындады деп қабылдаңыздар.

Рефлексия

  • Бүгінгі аутотренинг сіздерге ұнады ма?
  • Қандай сезімде болдыңыздар?
  • Тренингтен алған әсеріңіз қандай?

Қорытынды тілек

Құрметті оқушылар! Сіздерге зор денсаулық тілеймін. ҰБТ-ны өте жақсы нәтижемен тапсырып, алдағы аңсаған армандарыңыздың орындалуына шын жүректен тілектеспін. Аутотренингке қатысқандарыңызға көп рақмет!