Ораздың мергендігі
Қазақ әдебиеті · 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов — «Балуан Шолақ»
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер
Ақпараттық
Ақпарат көздері арқылы оқушыларға «Балуан Шолақ» әңгімесі жөнінде мағлұмат беріп, шығарманы толық меңгерту.
Коммуникативтік
Еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу; алған білімді ауызша және жазбаша тілде жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Проблеманы шешу
Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
Сабақтың сипаттамасы
Негізгі параметрлер
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: көркемдеп оқу, сөздік жұмысы
- Көрнекілігі: оқулық, портрет
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Педагогикалық технологиялар
- Білім беруді ізгілендіру
- Дамыта оқыту
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Бұл тәсілдер оқушының дербестігін арттырып, мәтінді түсіну, талдау және пікір айту дағдыларын дамытады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа дайындықты тексеру
- Сабақта жоқ оқушыларды анықтау
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысы: С. Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін оқып келу.
«Есіл бойында» шығармасында автор туған жері — Есіл даласының табиғатын өте көркем тілмен бейнелей отырып, сол өлке туралы әннің шығу тарихын сыр етіп баяндайды.
Есіл даласының сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағымы, жібектей жұмсақ, жұпар иісті қалың шалғыны, шілдеде баяу ескен самалы және жанға жайлы хош иісті жеміс-жидегі әсерлі суреттеледі.
III. Жаңа материалды меңгерту
Сәбит Мұқанов шығармашылығы (1940-жылдар)
- «Менің мектептерім» романы
- «Балуан Шолақ» повесі
- «Сырдария» романы
- «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы» және т.б.
Автор прозада роман жанры мен мемуарлық әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосты.
Кейінгі еңбектері (1950–1960-жылдар)
- «Шоқан Уәлиханов» драмасы
- «Тыңдаған толқындар» романы
- «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам — Атаның шоқысында» кітаптары
- 1961 ж.: өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз»
С. Мұқанов Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеген.
IV. Жаңа білімді бекіту
1-тапсырма: Әңгімеге жоспар құру
- Жаңа қоныс.
- Саятшы Ораз.
- Ораздың мергендігі.
- Ораздың құс баптау шеберлігі.
- Оразға үйір болған балалар.
- Ораздың адамгершілігі.
- Аңшылық туралы әңгімелер.
2-тапсырма: Топтастыру стратегиясы
Бұл топтастыру Балуан Шолақ тұлғасының көпқырлылығын (өнер мен ерлік, қайрат пен талант) айқындауға көмектеседі.
3-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру
- Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан кейін ел ішіне кең тарады?
- Балуан Шолақ достарымен қайда келеді?
- Балуан Шолақ пен оның достары Қара Масканы қай жерде кездестіреді?
- Қара Маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні мәнерлеп оқып беріңдер.
- Күрес қалай аяқталды?
- Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?
V. Үйге тапсырма
Тапсырма
«Саятшы Ораз» әңгімесін мазмұндау.
VI. Бағалау және қорытынды
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасы бағаланады. Сабақ соңында негізгі ойлар қорытындыланып, келесі сабаққа бағыт-бағдар беріледі.