Сәбит Мұқанов Есіл шығармасын мазмұндау
Әдебиеттік оқу (4-сынып): «Қазақстан таулары»
Сабақ жоспары Айбатыр Сейтақтың «Қазақстан таулары» тақырыбындағы мәтіні арқылы туған жердің табиғи сұлулығын танытуға және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Ел мен жердің, тау мен тастың ерекшелігін таныту арқылы табиғаттың әсемдігін түсіндіру.
Білімділік
Ізденуге, талдауға, білім көкжиегін кеңейтуге жағдай жасап, мәнерлеп оқуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, эстетикалық және экологиялық көзқарасты дамыту.
Әдіс-тәсілдер, көрнекілік және пәнаралық байланыс
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Қазақстан Республикасының физикалық картасы
- Интерактивті тақта
- Тау туралы әндерден үзінділер
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Музыка
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Тыңдаңыздар, қыздар!
Тыңдаңыздар, ұлдар!
Қолымызды созайық,
Алақанды ашайық.
Қане, кім «5» алудан қашпайды?
Ендеше, үй тапсырмасына жауап беруді бастаймыз.
Оқушылар бағалау жүйесімен танысады: тау биіктігіне қарай бағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сәбит Мұқановтың «Есіл» шығармасын мазмұндау: әр топтан бір оқушы шығып, негізгі ойды баяндайды.
I топ
«Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі…»
II топ
«Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның…»
III топ
«Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп, толықсып тұрады…»
IV топ
«Бұл кезде Есіл сабасына сарқылып, ағар арнасымен момақан болып жылжып жатады…»
Сәйкестендіру тапсырмасы
Есіл өзенінің өсімдіктері мен құстарын олардың сипатына қарай сәйкестендіру.
Қорытынды сұрақтар
-
1. Сәбит Мұқанов кім, қай жерде дүниеге келген?
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында (қазіргі С. Мұқанов ауылында) дүниеге келген.
-
2. «Есіл» шығармасында жылдың қай мезгілі суреттелген?
Жаз мезгілі.
-
3. Жазушы Есіл өзенінің көркемдігін қалай суреттеген?
Оқушылар мәтіннен дәлел келтіріп, көркемдегіш құралдарды атап, өз ойымен қорытынды жасайды.
-
4. Сәбит Мұқановтың қандай шығармалары бар?
«Сұлушаш», «Адасқандар», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз».
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Нұрғали Нүсіпжановтың «Алатау» әнін тыңдатып, оқушылардан әннің не туралы екенін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
«Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар — менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым — ұланғайыр кең далам»,
— деп Мұқағали Мақатаев жырлаған.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы елімізге көрік беріп тұрған таулар туралы. Оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады: Айбатыр Сейтақ — «Қазақстан таулары».
Автор туралы
- Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келген.
- 1989–1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген.
- «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
- «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі болған.
- ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі қызметін атқарған.
Өткізген: Есмұханова Т. Д.