Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық
Сөз қорын байыту, ой-өрісін кеңейту.
3) Тәрбиелік
Адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Мақал-мәтелдер
- Слайд
- Шарлар, жалау
- Әнұран музыкасы
- Суреттер
Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
Мақсат — оқушылардың азаматтық көзқарасын күшейтіп, туған елге деген сүйіспеншілігін тереңдету.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударту, екі қатарға бөліп отырғызу. Оқушылар көк пилотка киіп, мойындарына көгілдір галстук тағады.
II. Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі
Тыңда, дүние ғаламат, бар адамзат!
Бүгін біздің сыныпта думанды күн!
Барлығыңыз дауыстап ұран айтып,
Сыныптағы тәрбие сағатын тойлаймыз.
Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі 4 «А» сыныбының «Менің Қазақстаным — менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Меруерт
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түрікті байрағынан таныған.
Өзі әнші, өзі ақын халықта,
Кім айта алар «болмаған» деп әнұран?
Ақберген
Сынып болып қатар түзеп, тік тұрайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!
Әнұран орындалуы
Оқушылар хормен, музыканың сүйемелдеуімен Әнұранды орындайды. Әнұран айтылған сәтте интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы, Елтаңба, Ата заң, Астана қаласы мен ескерткіштері, қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.
Меруерт
Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен шекарасы белгіленген дербес мемлекетке айналды. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысқан ата-бабаларымыз қандай аңсады десеңізші!
Ақберген
Иә, Меруерт, біз ата-бабаларымыздың арманын орындадық. Етек-жеңімізді жинап, көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар өлке бізде десек, артық айтқандық емес.
Меруерт
Рас, табиғаты көркем, бай өлке — біздің Отанымыз. Мұны ақын жырлары да айғақтайды:
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ?
Сенбісің дүниені дүр сілкіндіріп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап.
Ақберген
Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біз — бүгінгі ұрпақ — қадірлей білуіміз керек. Осы күн үшін күрескен азаматтарды еске алып, ертеңіміз бүгінгіден де жарқын болсын деп тілейміз!
Меруерт
Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі, Қазақстан — гүлстан!
Ақберген
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,
Ұлан-байтақ Республикам — бұл менің!
Меруерт
Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады: