Ұлы тұлғалармен батырлар бейнелеу өнерінде тақырыбына салынған суреттерін тексеру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі — Нұржан Ертореұлы Балов.

Сынып

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері туралы жалпы мәлімет беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау және ойдан құрастыру дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Эстетикалық тәрбие беру, суретті кезең-кезеңімен тез әрі оңай салуға дағдыландыру.

Ұйымдастыру және әдістемелік бөлім

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекілігі

Ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Әдебиет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Барлық оқушының назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Ұлы тұлғалар мен батырлар — бейнелеу өнерінде» тақырыбы бойынша салынған суреттерді тексеру.

III. Үй тапсырмасын пысықтау

  • Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау.
  • Оқушылардың материалды қаншалықты меңгергенін анықтау.
  • Қайталау арқылы білімді бекіту, есте сақтауды нығайту.

IV. Жаңа сабақ

Ақындар өмірді өлеңмен, күйшілер әуен ырғағымен баяндайды. Ал бейнелеу өнері өмірді көзбен көріп, қолмен ұстағандай әсер беретін бейнелер арқылы жеткізеді.

Бейнелеу өнерінің басты ерекшелігі — суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәттің айқындығымен көрсете білуі. Сондықтан адам өмірінде оның маңызы ерекше.

Бүгін біз бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлерімен танысып, олардың суреттерін саламыз.