Өзеннен өту
Сабақтың тақырыбы
Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Г дыбысы мен әрпін таныстыру.
- Г дыбысы бар сөздерді буынға бөлу арқылы дыбыстың сөздің басында және ортасында келетінін түсіндіру.
- Дамыту ойындары арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
- Балалардың ой-өрісін және шығармашылығын дамыту.
- Сөз қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Адамгершілік қасиеттерін дамыту.
- Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Негізгі ұғымдар
Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз, буын.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ «Шаттық шеңберінен» басталады: балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
Шаттық шеңбері (өлең)
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне, мен —
Доспын енді сенімен.
Мұғалімнің сөзі
Балалар, шаттық шеңберін құрдық. Енді бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
II. Өткен сабақты пысықтау
Алдыңғы сабақта өткен ұғымдарды сұрақ-жауап арқылы еске түсіреміз.
Сұрақтар
- Алдыңғы сабақта қай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Негізгі қорытындылар
- Ү — дауысты дыбыс: созылып, еш кедергісіз айтылады.
- Дыбысты естиміз және айтамыз.
- Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Ү дыбысына сөздер және буынға бөлу
Сөздер
үкі, бүркіт, түлкі, үйрек
Тапсырма
Осы сөздерді буынға бөліп айтамыз.
III. Жаңа сабақ
Бүгін біз жаңа әріппен танысамыз. Сабақ ойын желісімен өтеді: қонаққа келе жатқан қоян жолдан адасып қалады, ал біз оған тапсырмалар арқылы көмектесеміз.
Оқиға желісі: «Өзеннен өту» (I деңгей)
Қоян өзеннен өтуі үшін 1-деңгей тапсырмасын орындаймыз: сөзжұмбақ шешеміз.
1-сұрақ
Аспаптың бір түрі — гитара.
2-сұрақ
Үй құстарының бірі — үйрек.
3-сұрақ
Ешкінің төлі — лақ.
Сөзжұмбақтан шыққан сөз — «гүл». «Гүл» сөзі Г дыбысынан басталады. Демек, бүгінгі жаңа тақырып — Г дыбысы мен әрпі.
Г дыбысының ерекшелігі
- Г — дауыссыз дыбыс.
- Дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа айтылады және кедергіге ұшырайды.
- Дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
- Г дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Айтылым жаттығуы
Барлығымыз бірге «Г» дыбысын анық айтып көреміз.
Еске сақтау
Дауысты — созылады; дауыссыз — қысқа айтылады.
«Сиқырлы ағаш» тапсырмасы
Суреттен Г әрпінен басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз.
Гитара
ги-та-ра
Егін
е-гін
Кереге
ке-ре-ге
Көгершін
кө-гер-шін
Жазылым: Г әрпін жазып үйрену
Таныстыру
Г әрпінің баспа және жазба түрімен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге Г әрпін жазамыз. Үзік сызықпен берілген таңбаны әдемі әрі дұрыс орналастырып бастырып жазамыз.
Сергіту сәті
Гүлге ұқсап ырғалып,
Шаршағанда демалам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
Ойын: «Адасқан әріптер»
Балаларға кеспе әріптер таратылады. Тапсырма — сол әріптерден сөз құрастыру. Көп сөз құрастырған балаларға қоянның сыйлығы бар.
Қосымша тапсырма
Ребус шешу.
Топтастыру (бекіту)
Дауыссыз дыбыс: Г
Мысал сөздер: гитара, гүл, егін, көк, кереге, көгершін
Белгілеу: көк текше
Қорытынды
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін қоян аман-есен үйіне жетіп, көжектерімен табысады. Біз бүгін Г дыбысы мен әрпін танып, сөздерді буынға бөліп, жазылым жұмысын орындадық.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Үй тапсырмасы
Г дыбысы мен әрпін жазып, оқып келу.
Қоштасу: «Жылу шеңбері»
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!