Айдан ару нәрсе жоқАйдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ

Айдан ару нәрсе жоқ

Айдан ару нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ.
Тілде бар да, ділде жоқ.
Көшпелі бейнет, көп дәулет
Біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенмен таппайсың,
Осы кезде белгісіз,
Талайды орны мүлде жоқ.
Ғалымның сөзін тұтпасақ,
Жаһилдің жолын ұстасақ,
Көретін шырақ шілде жоқ.
Қайда барсақ, жамандар,
Аяғың бассаң, табалар
Бір жерге басы қосылған
Екі жақсы елде жок,
Тұлғасын көріп, көз тойған,
Туымына - әркім ден қойған,
Билігін бұрмай тура айтқан,
Төбедей билер төрде жоқ.
Жауды көрсе сайланған,
Беліне садақ байланған,
Бес қаруын асынып,
Белсенген нағыз ер де жоқ.
Қасынан қоңсы кетпеген,
Өзінен байлық өтпеген,
Қайырлы байды еш жерден –
Іздегенмен таппайсың,
Ол - аяқ жетер жерде жоқ.
Топалаң тияр мерзімді –
Тораңғы біткен қорда жоқ.
Үстіп жүрсе, бір күні
Кіжінуменен құрғырың,
Бастан заулар дүние боқ.



Ұқсас жұмыстар

Көрнекіліктің түрлерін әдебиет сабағында қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Ақан сері өмірі
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ
Базар жырау
Ерлік салтанаты
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi