Шыншыл ертегіледің кейіпкерлері кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Қазақ әдебиеті (5-сынып)
Бөлім
1-бөлім. «Таза, мінсіз асыл сөз»
Тақырып
Шыншыл ертегілер. «Аяз би» ертегісі
Мектеп / Мұғалім
№46 мектеп-лицей, Халбаева Дариха Мусалиевна

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже

Оқу мақсаты (5.1.3.1)

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ мақсаттары

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды.
  • Кейіпкер портретіне талдау жасайды.
  • Портреті мен іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын ашады.

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі.
  • Кейіпкерлер портретіне талдау жасай алады.
  • Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады.

Критериалды бағалау (ұпай)

Әр кезеңдегі дұрыс жауапқа — 2 ұпай. Барлығы — 8 ұпай.

  • 6–8 — өте жақсы
  • 3–5 — жақсы
  • 0–2 — қанағаттанарлық

Дескрипторлар

  • Ертегілер туралы мәлімет білді.
  • Сұрақтарға жауап берді.
  • Топтық жұмыста белсенді болды.
  • Ертегі кейіпкерлерінің портретіне талдау жасады.

Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар

Тілдік мақсат

  • Көркем шығарма кейіпкерлерін анықтау.
  • Кейіпкерлер портретіне талдау жасау.
  • Портреті мен іс-әрекеті арқылы образды ашу.

Негізгі сөздер

  • Ертегілер елі
  • Хайуанаттар елі
  • Қиял-ғажайып елі
  • Шыншылдық елі

Талқылауға арналған ұғымдар

портрет образ ертегі түрлері кейіпкерлер жүйесі кейіпкер портреті

Пәнаралық байланыс

Ортақ тақырыптарға негізделген пәндермен кіріктіру.

Құндылықтарды дарыту

«Рухани жаңғыру» идеясы: тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығын тану және бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамыту.

Сабақтың құрылымы (кезең-кезеңімен)

I. Басталуы — ынтымақтастық атмосферасы

2 минут

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • «Күн сәулесі» жаттығуы: оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын көтеріп, бірге айтады: «Күн көзіндей күлімде, ертегілер елінде!»
  • Топқа бөлу: ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер бірнеше бөлікке қиылып, араластырылып таратылады. Оқушылар қиықтарды құрастырып, толық сурет шығару арқылы топтасады.

Топ атаулары

  • 1-топ: Тұрмыс-салт елі
  • 2-топ: Хайуанаттар елі
  • 3-топ: Шыншылдық елі
  • 4-топ: Қиял-ғажайып елі

II. Білу — «Блум түймедағы», «Зымыран сұрақ»

6 минут

Үй тапсырмасы ретінде оқушылар ертегі туралы сұрақтар дайындап келеді. «Галерея» тәсілімен бір-біріне жылдам сұрақ қойып, жауап беру арқылы білімдері пысықталады.

Үлгі сұрақтар

  1. Ертегілер қай кезде пайда болған?
  2. Ертегі дегеніміз не?
  3. Ертегілер тақырыбына қарай нешеге бөлінеді?
  4. Ертегілерден нені танып білеміз?
  5. Қиял-ғажайып ертегілерінде не баяндалады?
  6. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлерін атай аласың ба?

Үлгі сұрақтар (жалғасы)

  1. Тұрмыс-салт ертегілерінде не суреттеледі?
  2. Ертегінің құрылысы туралы не білесің?
  3. Ертегі айтушы адамды қалай атайды?
  4. Шыншыл ертегілердің кейіпкерлері кімдер?
  5. Шыншыл ертегілерде қандай мәселе қозғалады?
  6. Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады?

Бағалау: бір-біріне қошемет білдіру, топ басшысы критерий бойынша белгілеу жүргізеді.

Сабақ тақырыбын болжау — «Ой қозғау»

қысқа кезең

Оқушылар ертегі туралы білетін тақпақтарын айтады. Бір оқушының тақпағындағы негізгі тіркестерді табу арқылы тақырып ашылады.

Ерте тұрып елеңдеп,
Ертегімен ер жетіп,
Ертегілер елінен асып,
Шыншылдыққа келдік біз.

Негізгі тіркестер: ертегілер елі, хайуанаттар елі, ғажайыптар елі, шыншылдық елі.

«Ойлан, тап» — сәйкестендіру

жеке жұмыс

Тақтада семантикалық карта көрсетіліп, оқушыларға таратпа ретінде беріледі. Мақсат — ертегі атауларын ертегі түрлерімен сәйкестендіру.

Ертегі атауы Ертегі түрі
1 Бай баласы мен жарлы баласы Шыншыл ертегі
2 Ер Төстік Қиял-ғажайып ертегі
3 Таза бұлақ Шыншыл ертегі
4 Түлкі мен тырна Жан-жануарлар туралы ертегі
5 Аяз би Шыншыл ертегі
6 Қаңбақ шал Қиял-ғажайып ертегі
7 Үйшік Жан-жануарлар туралы ертегі
8 Тазша бала Қиял-ғажайып ертегі

III. Түсіну — топтық талқылау

5 минут

  1. Шыншыл ертегі дегеніміз не?
  2. Неліктен шыншыл ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі саналады?
  3. Шыншыл ертегінің қызықты болу себебі неде?
  4. Неліктен «Аяз би» ертегісі шыншыл ертегі деп аталады?

IV. Қолдану — оқулық тапсырмалары бойынша жұмыс

17 минут

1-топ тапсырмасы

Шыншыл ертегілерді топтастыру.

2-топ тапсырмасы

«Аяз би» ертегісін мазмұнына талдау жасау:

  • Басталуы
  • Байланысуы
  • Дамуы
  • Шиеленісуі
  • Шарықтау шегі
  • Шешімі

3-топ тапсырмасы

«Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлерге талдау жасап, кластер құру.

4-топ тапсырмасы

«Аяз би» ертегісіндегі хан мен Жаман бейнесінің портретін талдау.

V. Бағалау — саралау тапсырмалары («Жүзден жүйрік»)

5 минут

Оқушылар өз деңгейіне қарай бір тапсырманы таңдап орындайды.

1) Салыстырыңыз

Шығармадағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді салыстырып айтыңыз.

2) Жариялаңыз

Шығарманың идеясын ашыңыз.

3) Қолданыңыз

Шығарманың эпикалық жанр түрін анықтаңыз.

VI. Сабақты бекіту — кері байланыс

3 минут

  1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  2. Сабақта қандай қиындықтар кездесті?
  3. Қиындықты кімнің көмегімен жеңдің?
  4. Қай топтың жауабы сәтті шықты?
  5. Бүгін ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?

VII. Қорытынды бағалау және көңіл күйді белгілеу

1 минут

Оқушылар өзара бағалау жасайды: бірін-бірі, топты және сыныпты бағалайды. Сабақ соңында көңіл күйін төмендегі нұсқалардың бірімен белгілейді:

Түсінбедім

Сұрағым бар

Түсіндім

VIII. Үй тапсырмасы

1 минут

«Айлалы Тазша» ертегісін оқу.