Шешендік сөздер туралы сұрау

Сабақ туралы мәлімет

Орны
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі
Пән
Қазақ әдебиеті (9-сынып)
Мұғалім
Тілекқабыл Бибігүл
Тақырып
Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды жаңа білімді өздігінен меңгерту арқылы қазақтың аса айбынды билерінің бірі — қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орнымен және шешендік сөздерінің шығу тарихымен таныстыру. Сондай-ақ жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері дамиды.
  • Өз пікірі бар, сауатты оқушы тұлғасы қалыптасады.
  • Қазыбек би сияқты тарихи тұлғалардың өнері мен шешендігін терең түсінеді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушының сабаққа назарын жинақтап, бірлескен жұмысқа даярлау.

II. «Миға шабуыл»

  1. Шешендік сөздер туралы сұрақ-жауап жүргізу.
  2. Төле бидің шешендік сөзінен үзінді оқып, оқушылардың «Төле бише» жауап беруіне жағдай жасау.

Жаңа сабақты меңгерту

Тапсырма: «Сұрақты тап»

Ұяшықтардың астындағы берілген жауаптарға сәйкес сұрақ құрастырады.

Сергіту сәті: «Ой шақыру»

Би тұлғасына тән қасиеттерді талқылап, ұғымды кеңейтуге бағытталған ой қозғау жүргізіледі.

Талқылауға ұсынылатын тұжырым

Би — ең алдымен, көпті көрген, яғни көре-көре көсем болған, көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алған тұлға.

Би — айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, «еттен өткізіп, сүйекке жеткізген». Қажет жерде қара тасты қақ айыратындай от ауызды, орақ тілді шешен.

Би — адамның жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен-ақ тап басып танитын, әділдік пен парасатты биік қоятын тұлға.

Дерекпен жұмыс

  1. Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов пікірлерін оқу және талдау.
  2. «Би» деген сөзді естігенде ойға қандай ұғымдар келеді? Ассоциация құру.

Оқушылар ғұлама пікірлерімен танысқаннан кейін әр топ өз бағыты бойынша «би» атағына жан-жақты сипаттама береді, постер дайындап қорғайды.

Тарихшылар тобы

  • қоғам қайраткері
  • мәмілегер
  • хан кеңесшісі
  • заңды жетік меңгерген тұлға

Әдебиетшілер тобы

  • сөзге шешен
  • ақынжанды
  • кемеңгер
  • от ауызды, орақ тілді

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өздері алдын ала дайындап келген жұмыстарын таныстырып, дәлелдеп қорғайды.

Сабақты бекіту: «Ойлан. Бірік. Талқыла»

Екі топқа Қазыбек бидің қалмақ еліне барған екі елшілігі туралы мәтін таратылып, мазмұнды талқылау ұйымдастырылады: негізгі ойды табу, дәлел келтіру, қорытынды жасау.