Жаңа әдістер

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Несіпбек Айтов — «Алтын сөз»

Сілтеме

«Ана тілі». Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра», 2011 жыл.

Жалпы мақсаты

Халқымыздың ізгі ниеті саналатын ақ бата мен игі тілектер мәнін таныту, оның тәрбиелік құндылығын ұғындыру.

Міндеттері

  • Оқушыны өзіндік пікір айтуға үйрету.
  • Дүниетанымын кеңейту.
  • Қиялын дамыту.

Оқу нәтижесі

Оқушылар халқымыздың ізгі ниетті ақ бата түрлерін меңгереді, бата берудің мәні мен орнын түсінеді және мысалдар келтіре алады.

Тапсырмалар мен оқыту тәсілдері

Тапсырмалар

Топқа бөліну Сұрақ-жауап Оқулықпен жұмыс Шығармашылық жұмыс Бағалау парағы

Оқыту әдістері

  • Жаңа әдістер және АКТ қолдану.
  • Ой шақыру, миға шабуыл.
  • Оқыту үшін бағалау (формативті бағалау).
  • Жұмыс түрлері: диалог, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық ахуал

Тренинг: «Мен — күнмін»

Мақсаты — адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныту. Әр оқушыға бір парақтан таратылады.

Топқа бөлу

Оқушылар 1, 2, 3, 4 сандары арқылы төрт топқа бөлінеді.

2) Өткен сабақты қорытындылау

«Жасырынбақ» ойыны

Ойын шарты: оқушылар көздерін жұмып тұрады. Төмендегі өлең жолдары айтылады:

Көзім, көзім, көз,
Көзімде бар шоңайна.
Шоңайнасы кіреді,
Көзіңді жұм, абайла.

Тапсырманы орындап, жауап берген оқушыға формативті бағалау жүргізіледі.

3) Ой шақыру

Мақал арқылы талқылау

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер.»

Талқылау сұрағы

Осы мақалдың мағынасы қандай?

Ой қозғау

  • Бата не үшін беріледі?
  • Батаның қандай қасиеті бар?

4) Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу

Тақырып

Несіпбек Айтов — «Алтын сөз»

Оқулықпен жұмыс

  1. «Алтын сөз» өлеңінің авторы туралы не білеміз?
  2. Өлеңмен танысу, мазмұнын талдау.

Сергіту сәті

Түстер арқылы қимыл-қозғалыс жасау:

  • Жасыл — қол алысу.
  • Сары — арқадан сипау.
  • Қызыл — құшақтау.

5) Топтық жұмыс

Шығармашылық және талдау

1-топ

«Бес жол өлең» құрастыру.

2-топ

Бата түрлері туралы білетіндерін жазу.

3-топ

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру.

4-топ

Батаны жалғастырып айту.

6) «Кубизм» стратегиясы

Білімді тексеру

Қыдыр ата қонаққа келіп, сиқырлы текше арқылы оқушылардың білімін тексереді. Текше түскен сұраққа оқушы жауап береді.

Сұрақтар

  • Бата дегеніміз не?
  • Батаны кімдер береді?
  • Батаны қай кезде береді?
  • Батаның қандай түрлері бар?
  • Батаны не үшін береді?
  • Батаның қандай пайдасы бар?

Белсенділік танытып, жақсы білім көрсеткен оқушыларға Қыдыр ата бата береді.

7) Бағалау

Кері байланыс

Өзара бағалау

Топтар бір-бірін бағалау парағы арқылы бағалайды.

Мұғалім бағалауы

Мұғалім оқушылардың жауаптары мен қатысу белсенділігіне сүйене отырып қорытынды баға қояды.