Текшенің әрбір жағы қандай фигура
Сабақтың тақырыбы
Қайталау
Сабақтың мақсаты
- Геометриялық фигураларды салыстыра отырып, көлемін табуға үйрету.
- Есептерді сурет бойынша құрастыруға баулу.
- Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- •Интерактивті тақта
- •Деңгейлік тапсырмалар
- •Карточкалар
Сабақ әдістері
- •Түсіндіру
- •Сұрақ–жауап
- •Топтастыру
- •Салыстыру
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
Мұғалім: «Осы айтқандарыңды орындауға бар күш-жігерлеріңді саласыңдар деп сенемін. Барлығыңа сәттілік және “бестік” баға тілеймін!»
Үй тапсырмасын сұрау
Тірек білімдерін белсендіру үшін қысқаша сұрақтар:
1) Кез келген санды 1-ге көбейтсек, қандай сан шығады?
Сол санның өзі шығады.
2) Санды сол санның өзіне бөлсек, неше шығады?
1 шығады.
3) 0-ді санға бөлсек, неше шығады?
0 шығады.
4) Санды 0-ге бөлуге бола ма?
Болмайды.
5) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?
Жұп сандар.
6) 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
Тақ сандар.
7) Егер есепте қосу мен көбейту амалдары қатар келсе, алдымен қайсысын орындаймыз?
Алдымен көбейтуді орындаймыз.
Топқа бөлу
Топ
Ұзындық
Белгіленуі: L
Топ
Аудан
Белгіленуі: S
Топ
Көлем
Белгіленуі: V
Қызығушылықты ояту
Жетелеуші сұрақтар
- •Ұзындықтың өлшем бірлігі қандай?
- •Ауданның өлшем бірлігі қандай?
- •Көлемнің өлшем бірлігі қандай?
Жаңа сабақ
Түсіндіру
Шамалар әр түрлі болғандықтан, олардың өлшем бірліктері де әр түрлі болады: ұзындық — бір өлшем, аудан — екі өлшем, көлем — үш өлшем арқылы сипатталады.
Ұзындық
см, м, км
Аудан
см², м²
Көлем
см³, м³, л
1-тапсырма (ауызша)
- Сымның ұзындығын сантиметрмен анықтауға болады.
- Тік төртбұрыштың ауданын квадрат сантиметрмен анықтауға болады.
- Көлемді куб сантиметрмен анықтауға болады.
2-тапсырма (ой қозғау)
Фигуралар неше текшеден құрастырылған? Жауабыңды дәлелде.
Текше туралы сұрақтар
- Неше жағы бар?
- 6
- Неше қыры бар?
- 12
- Неше төбесі бар?
- 8
Негізгі ұғымдар
- Әрбір жағы қандай фигура?
- Шаршы
- Әрбір қыры неден тұрады?
- Кесінді
- Әрбір төбесі неден тұрады?
- Нүкте
3-тапсырма (ойлан, тап)
Ыдыстардың әрқайсысына неше литр сұйық құюға болады? Әр ыдыстың көлемі неше куб сантиметр?
10 см × 10 см × 10 см
= 1000 см³
1 л
10 см × 10 см × 20 см
= 2000 см³
2 л
10 см × 10 см × 30 см
= 3000 см³
3 л
Есте сақта: 1000 см³ = 1 л.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығуын орындап, назарымызды қайта шоғырландырамыз.
4-тапсырма (топтық жұмыс)
1-топ
1 л май: 360 тг (×2)
1 л айран: 250 тг (×2)
Шешуі
360×2 + 250×2 = 720 + 500 = 1220
Жауабы: Айдос барлығы 1220 тг төледі.
2-топ
1 л шырын: 300 тг (×3)
1 л қаймақ: 200 тг (×2)
Шешуі
300×3 + 200×2 = 900 + 400 = 1300
Жауабы: Ербол барлығы 1300 тг төледі.
3-топ
Қосымша тапсырма (мұғалімнің нұсқауы бойынша).
Мақсат
Топ ішінде талқылап, есепті шығару жолын дәлелдеп түсіндіру.
5-тапсырма (өзіндік жұмыс)
Топтық нұсқалар
1-топ
- 8×8 + 6×5 = 94
- 9×9 − 7×6 = 39
- 70×5 − 40:2 = 330
2-топ
- (8+6):2 = 7
- (37−9):4 = 7
- (48−13):5 = 7
3-топ
- (86−50):9 = 4
- (37+19):8 = 7
- (125+235):6 = 60
6-тапсырма (кубизм әдісі)
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар текше тәрізді және тікбұрышты параллелепипед тәрізді заттардың суретін салады.
Ұзындық тобы
Текше тәрізді заттар:
- •құрастырғыштар
- •шақпақ қант
- •иттің үйшігі және т.б.
Аудан тобы
Тікбұрышты параллелепипед тәрізді заттар:
- •үй
- •шкаф
- •сандық
- •сыйлық және т.б.
Көлем тобы
Жолақша тәрізді заттар:
- •сызғыш
- •жіп
- •сым
- •лента және т.б.
Үйге тапсырма
7-тапсырма: 28-бет.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, есеп шығару дәлдігі, топтық жұмыстағы ынтымақтастығы ескеріледі.
Автор туралы
Білім беру ұйымы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Гулара Ибрахимовна