Отаным десем ойыма
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, шағын орталық тәрбиешісі — Оразбаева Ақбаян Мұханбетқызы
Тақырыбы
«Отаным десем ойыма…»
Мақсаты
- Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
- Сөздік қорын молайтып, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа баулу.
- Туған елінің болашағына үлес қосуға, елі мен жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
- Ұлттық тілді меңгерту, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру; ойлау және танымдық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Шағын орталық тәрбиеленушілерінің «Отаным десем ойыма…» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
«Күншуақ» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрініс
Сахналық жағдай
Ағасы ойланып отырады. Қасына кішкентай қарындасы келеді.
Қарындасы: Аға, сен не ойлап отырсың?
Ағасы: Бүгін мұғалім бізге: «Отаным десем ойыма…» дегенде ойларыңа не келеді?» — деп сұрақ қойды. Соған жауап іздеп отырмын.
Қарындасы: Аға, Отан деген не?
Ағасы: Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр:
Отаным десем ойыма…
Шалқыған байтақ жер келер,
Отаным десем ойыма…
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт —
Отаныма ешқашан мекен де болмас тең келер.
Ағасы: Ал сен Отан туралы не айтар едің?
Қарындасы:
Отан — елдің анасы,
Отан — жердің анасы.
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы!
Екеуі топтан шығып кетеді.
Музыкалық кіріспе
«Көк тудың желбірегені» әнінің ырғағымен балалар топқа кіреді. Қолдарында ту бар.
Сәлемдесу
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл-санамыз.
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз.
Тәрбиеші:
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын…
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
РәсімБалалардың тақпақтары
Руслан
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!
Мансұр
Қазақтың елі — ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер!
Назым
Қазақтың туын ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата — аян ғаламға,
Беделі биік, күшті адам!
Тәрбиеші:
Әсем әуен салдырған,
Сәбилер де алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді әнге берейік.
Ән: «Балдырған»
Сұрақ-жауап: «Білгішбек» қонақта
Осы сәтте сыныпқа «Білімділер қаласынан» Білгішбек қонаққа келеді. Ол балалармен амандасып, сұрақтарын қояды.
Сұрақтар
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі?
- Президент қандай болу керек?
- Біздің елордамыз қай қала?
Жазира
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған —
Елімнің бар Президенті.
Риза
Ағаштары тербелген,
Үлкен қала — Астана.
Биік-биік үйлері,
Әсем біздің Астана!
Қол соғайық қанеки,
Жаса мәңгі Астана!
Ел жүрегі — Астана.
Рауана
Жаңа қала, жас қала,
Зәулім, сәнді үйлері —
Үлгі болған басқаға.
Астана, Астана!
Ел тілегі — бас қала!
Астана, Астана!
Ел жүрегі — Астана!