Мектептің жүрегі - ұстаз

Мақсаты

  • Мектеп тарихымен және зейнеткер ұстаздардың еңбегімен таныстырып, олар туралы мол мағлұмат беру.
  • Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға баулу.
  • Ұстаз мамандығының қыр-сыры мен маңызын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрдайым бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Шарлар Гүлдер Слайдтар Ардагер ұстаздардың презентациясы Плакаттар Нақыл сөздер

Барысы

Төмендегі бөлімдер мерекелік кештің құрылымын ұсынады: құттықтау, поэзиялық жолдар, сұхбат, көріністер және ақ тілектер.

I бөлім. «Аяулы асыл мектебім»

Құрметті ұстаздар қауымы, бүгінгі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Күз мезгілін көпшілік мектептегі қоңырау үнімен, мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

Жаңа оқу жылымен қатар келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиеді. Мектеп қабырғасынан алыстап кетсе де, жүрегінде жылуы бар әрбір азамат әріп танытып, білім теңізіне жетелеген ұстаздарын және балалық шағы өткен алтын ұя мектебін әрдайым сағынышпен, құрметпен еске алады.

Нақыл сөз

«Алты алаштың баласы жиналса да, ұстаздың орны — төрде». — Ахмет Байтұрсынұлы

Ортаға құрметті қонақтарымызды қошеметпен шақырамыз. (Музыка ойнайды.)

Арнау

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Барлық білім мен тәрбиенің бастауы — мектеп. Ал мектептің жүрегі — ұстаз. Білім нұрын шашып, ұрпақ тәрбиелеп жүрген аяулы ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

1-оқушы. Динара

Ұстаздарым — биік тұлға, байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Мерекеде жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстазым, баршаңызды!

2-оқушы. Ержан

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаз, аяулы ыстық мектебім,
Шәкіртіңнің сый-құрметін қабыл ал.

Хор

«Қоңырау»

Тарихтан бір үзік

Өз тарихында талайға әріп танытып, талайдың арманына қанат болған алтын ұя мектебіміз 1938 жылы шаңырақ көтерген. Бүгін сол қасиетті қара шаңырақта біз де білім алып отырмыз.

II бөлім. «Ұстазым — ұлы мәңгілік»

Оқушылардың жыр-шумақтары.

Хормен

Қуанышты кернеген,
Жүрек қалай жасырсын?
Бар баланың бақыты —
Ұстаздарым, асылсың!

III бөлім. «Алдыңғы буын — айнамыз»

Бүгінгі үлкен мерекемізге зейнеткер ұстаздарымыз қатысып отыр. Олардың өнегелі істері мен жүріп өткен жолы — кейінгі ұрпаққа үлгі. Оқушылар ұстаздар туралы сыр шертеді.

  1. 1 Мектептің жаны — мұғалім Мырзахан Ержан.
  2. 2 Мектептің жүрегі — ұстаз. (аты-жөні нақтыланады)
  3. 3 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға». (аты-жөні нақтыланады)
  4. 4 «Ұстазға қарап шәкірт өседі». (аты-жөні нақтыланады)
  5. 5 «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы». (аты-жөні нақтыланады)
  6. 6 Ұстаз — ұрпақ мақтанышы. (аты-жөні нақтыланады)

Хор

«Ұстазым»

IV бөлім. «Бәрі сізге арналады»

Бұл бөлімде әрбір оқушы өзіне сабақ беріп жүрген ұстаздарына арнап өлең-жырын ұсынады. Қабыл алыңыздар!

Хор

«Жарқын жүзді ұстазым»

V бөлім. «Сауал — бізден, жауап — сізден»

Сұрақтар:

  • Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз қандай?
  • Алғашқы шәкірттеріңіз қазір нешеде?
  • Шәкірттеріңізден алған ең қымбат сыйлығыңыз қандай?
  • Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай жағдай еді?
  • Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы туралы не айтар едіңіз?

VI бөлім. «Мектептегі қызықты шақтар»

Көріністерді тамашалайық: «Ағарған шаш», «Арман болған пенсия».

Қошеметтеріңізге рахмет!

Ән

Қызықты оқиғалардың ордасы — білім ошағы мектебімізге «Мектебім» әні арналады. Қабыл алыңыздар!

VII бөлім. «Ақ тілектер айтылсын»

Хормен

Ақ тілектер айтылсын,
Көңіліміз шарықтап.
Аспанымыз ақ болсын,
Көгершіндер қалықтап.

Қонақтарға сөз кезегі

Құрметті қонақтар, тілектеріңізді ортаға салуға шақырамыз:

Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып, бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.

Зейнеткер ұстаздардың тілегі

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге —
Шын жүректен арналады тілегіміз.

Ән

«Ұстазым менің»

Орындайтын: бір топ оқушы.

Ата-аналардың тілегі

Жақсы шәкірт — азамат болар,
Халқынан, ата-анадан бата алар.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Хормен

Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым, өзіңменен мақтанам.
Ізгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Келгендеріңізге көп рахмет айтамыз. Көңілдеріңіз жайнап, бауырларыңыз бүтін болсын. Білім — теңіз, еңбектеріңіз — ерен тау болсын. Шәкірт үшін бар жанын аямайтын ұстаздарым, әрқашан дендеріңіз сау болсын!

Алғыс: Сіздерге деген ризашылығымыз шексіз. Айтқан ақ тілектеріңіз қабыл болсын!