Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды кездейсоқ оқиға және ықтималдық ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділікті арттыру, математикаға қызығушылықты күшейту.
Тәрбиелік
Оқуға саналы көзқарас қалыптастыру, жауапкершілікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру
Сыныпты сабаққа дайындау, жұмыс ережелерін нақтылау, оқу мақсатын хабарлау.
-
2) Жаңа білімді игеруге дайындық (қайталау)
- График
- Диаграмма
- Бағанды диаграмма
-
3) Жаңа материалды меңгеру: негізгі ұғымдар
Кездейсоқ оқиға
Белгілі бір жағдайда орындалуы да, орындалмауы да мүмкін құбылыс.
Ақиқат оқиға
Берілген шарт орындалғанда міндетті түрде жүзеге асатын оқиға.
Мүмкін емес оқиға
Берілген шартта мүлде орындалмайтын оқиға.
Тапсырма: оқиғаларды жіктеу
Төмендегі оқиғалардың қайсысы кездейсоқ, мүмкін емес немесе ақиқат оқиға екенін анықтаңыз:
-
«а, к, и, т, а, м, е, т, а, м» әріптерін кездейсоқ тергенде «математика» сөзінің құралуы.
-
Сенбі күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі.
-
Тиынды бір рет лақтырғанда елтаңба бетінің түсуі.
-
Ойын кубигін бір рет лақтырғанда 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі.
-
Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда 19 ұпай шығуы.
-
Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.
Ықтималдық теориясы
Кездейсоқ оқиғалардың орындалу заңдылықтарын зерттейтін математиканың бөлімі.
Осы теорияның негізінде математикалық статистика ғылымы қалыптасты.
Математикалық статистика
Бақылау және тәжірибе нәтижелерін жинақтап, қорытындылайтын әдістерді зерттейтін ғылым.
Ол қызметтің көптеген салаларында маңызды рөл атқарады.
Жиілік және ықтималдық: тәжірибелік мысал
Күнделікті өмірде біз әртүрлі кездейсоқ оқиғаларға кезігеміз, әрі олардың орындалу жиілігі әрқилы болады. Мысал ретінде ойын сүйегін 48 рет лақтырып, нәтижелер кестесін қарастырайық.
Цифрлар 1 2 3 4 5 6 Түсу саны 6 8 9 7 8 10 Оқиғаның жиілігі
Әрбір нәтиженің қанша рет түскені — сол оқиғаның жиілігі.
Оқиғаның ықтималдығы
Оқиғаның орындалу жиілігінің барлық тәжірибелер санына қатынасы.
Есептеу үлгісі
48 лақтырудың ішінде «5» саны 8 рет түсті. Демек, «5» санының түсу ықтималдығы:
P(5) = 8 / 48
Нәтижені диаграмма арқылы да көрнекі түрде көрсетуге болады (бағанды диаграмма).
-
-
4) Түсінгенін тексеру
Оқулық бойынша есептер:
- №320
- №322
- №324
- №325
-
5) Қорытынды сұрақтар
- Ықтималдық ұғымы не үшін оқытылады?
- Математикалық статистика қандай мақсатта қолданылады?
-
6) Үй жұмысы
- №321
- №323
-
7) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмысқа үлесі бойынша бағалау жүргізіледі.