Оқушыларды өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру

Ашық сабақ Слайдтармен Дәстүрлі сабақ

Жай бөлшектер тақырыбы бойынша есептер шығару

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектер тақырыбы бойынша есептер шығару.

Сабақтың типі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі

Оқушы білімін бекіту, тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру. Жай бөлшектер тақырыбы бойынша білім, дағды және іскерлікті жетілдіру; сараланған есептер арқылы логикалық ойлауды қолдана отырып нәтижеге жетуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену дағдыларын қалыптастыру, білімін жүйелеу және тереңдету.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Әдістер мен ресурстар

Әдістер

  • АКТ (ИКТ)
  • Сұрақ-жауап
  • Іздену
  • Өздік жұмыс
  • Деңгейлеп-саралап оқыту

Көрнекіліктер

  • Ноутбук
  • Слайдтар
  • Кеспе қағаздар
  • Үлестірме материалдар
  • Жемістер, суреттер

Назарда болатын құндылықтар

Ынтымақтастық, жауапкершілік және оқу мәдениеті: тапсырмаларды орындау кезінде тәртіп сақтау, ұқыпты жазу және бір-бірін тыңдау.

Сабақтың өту жоспары

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындық, көңіл күйді көтеру.

2

Үй жұмысын тексеру

Өткен материал бойынша қысқа қайталау және тексеру.

3

Сұрақ-жауап: «Күннің шуағы» ойыны

Тақырыптық сұрақтар арқылы білімді белсендіру.

4

Ауызша тапсырмалар

Жылдам есептеу және түсіндіру дағдыларын дамыту.

5

Жазбаша тапсырмалар: «Дәмді жемістер» кезеңі

Сараланған есептер арқылы білімді бекіту.

6

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы назарды жаңарту.

7

Оқулықпен жұмыс

Негізгі тапсырмаларды орындау және талдау.

8

Жұппен жұмыс: «Реттеп орналастыр» кезеңі

Топтық қарым-қатынас пен дәлелдеуді дамыту.

9

Үйге тапсырма

Жаңа білімді бекітуге арналған тапсырмалар беру.

10

Қорытынды және бағалау

Нәтижені жинақтау, кері байланыс және бағалау.

11

Рефлексия

Сабақтан алған әсер мен түсінікті қысқаша талдау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Психологиялық тренинг: «Көтеріңкі көңіл күй». Оқушылар бір-біріне және мұғалімге жылы тілектерін айтады. Тілектерін жапырақтарға жазып, «тілек ағашын» жапырақтармен безендіреді.
  3. 3 Мұғалім тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсаттарымен таныстырады.

Мектеп

Қаракөл орта мектебі ММ.

Дайындаған

Математика пәні мұғалімі Хыдырбек А.