Оқулық 161 - беттер

Сабақ жоспары (9-сынып)

Тақырыбы: Телевидение (Television)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ–жауап, әңгімелеу)

Қолданылатын әдістер: Жеке, жұптық және топтық жұмыс; сергіту сәті

Керекті жабдықтар: Оқулық (161-бет). Аяпова Т. М. т.б. Ағылшын тілі, 9-сынып, Алматы: «Мектеп», 2013; интерактивті тақта, флипчарт, маркер, бағалау парақтары.

Пән мұғалімі: Тоғызбаева Р. С.

Мақсаты

Оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту. «Телевидение» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде мағлұмат алуына жағдай жасау.

Тыңдап түсіну және әңгімелесу дағдыларын жетілдіру, ойлау, есте сақтау, назар аудару және ерік-жігер қасиеттерін дамыту. Шетел тілін әрі қарай меңгеруге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Өз бетінше ойлайды, сөйлеу дағдысы дамиды және өзара сұхбаттаса алады.
  • Топтық жұмысқа үйренеді, сыни ойлауды қолданады.
  • Сабақта алған ақпаратты өмірде қолдануға дайын болады.
  • Диалогтік сөйлесімде қарапайым сөздерді қолданады; жай және сұраулы сөйлемдердің қолданылуын біледі.
  • Сөзжасамды біледі және белгілі бір жағдаятқа байланысты диалогті жалғастыра алады.

Сабақ барысы

А) Білу және түсіну

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сыныпта жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.

В) Қолдану және талдау

I. Видео бойынша жұмыс

Теледидар туралы видео көрсетіледі. Түсінуді тексеруге арналған сұрақтар:

  1. 1. What are they talking about?
  2. 2. What does Ruby watch on TV?
  3. 3. What is the boy’s favorite channel?
  4. 4. Where are they going tomorrow, and why?

II. Тақырып бойынша әңгіме (Speaking)

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар:

  1. 1. How often do you watch TV?
  2. 2. When do you usually watch TV?
  3. 3. What are your favourite TV channels?
  4. 4. What TV programmes do you like best?
  5. 5. What TV programmes don’t you like?
  6. 6. What are the most popular television programmes in our country?

III. Жаңа сөздер (Vocabulary)

Authority
билік, басқарушы
Income
табыс
Features
бағдарламалар
Responsible (for)
жауапты болу
Advertisements
хабарландыру, жарнама
Viewers
көрермендер

IV. Мәтінмен жұмыс (Reading)

«Television» мәтінін оқу (оқулық бойынша). Оқушылар негізгі ойды анықтап, жаңа сөздерді мәтін контексінде қолданады.