Дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану

Дене шынықтыру Мектепке дейінгі тәрбие Қыс

Мақсаты

  • Мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыру.
  • Дене шынықтыру жаттығуларының негізгі әдістерін үйрету және оларды дұрыс қолдануға дағдыландыру.
  • Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қимыл-қозғалыс белсенділігін, икемділік пен ептілікті дамыту.
  • Еркін қимылды ойын ойнауға, жаттығуларды орындау кезінде тепе-теңдікті сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, жаттықтыру, сұрақ-жауап, көрсету.

Көрнекіліктер

Шыршалар, жасанды қарлар, гимнастикалық отырғыш.

Орта

Спорт залы, музыка сүйемелдеуі, топтық жұмыс.

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе: Балалар қатармен залға кіріп, сапқа тұрады.

Сәлемдесу

  • — Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • — Здравствуйте, дети!
  • — Good morning!

Тәрбиеші: «Бүгін бізде ерекше күн. Қонаққа апайлар келді, алдымен амандасып алайық» (қонақтармен амандасу).

Сұрақ-жауап

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші: «Онда бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Қысқы орманның табиғатымен танысып, оған жету үшін бірнеше жаттығу орындаймыз. Алдымен денемізді қыздырып, еркін қимылдауға дайындайық».

2) Жүру және жүгіру жаттығулары

Нұсқау: «Қатар сап түзеп тік тұрыңдар. Оңға бұрылыңдар» (балалар қимылмен орындайды).

  • Жай жүру және жеңіл жүгіру.
  • Аяқтың ұшымен, өкшемен және табанның сыртқы қырымен жүру.
  • «Аюша» жүрісі (еңкейіңкіреп, ауыр қадаммен).
  • Екі аяқпен алға секіру — «Қоян» секіруі.
  • Жұптасып жүру.
  • «Жыланша» ирелеңдеп жүру.
  • Шеңбер бойымен айналып жүру.

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Енді денеміз қызды. Орманда кедергілер көп болады, сондықтан күш-қуатымызды арттырып, денемізді шымырландырайық».

Жалпы дамыту жаттығулары (қармен)

Балалар 3 қатарға бөлініп тұрады. Музыка әуенімен орындалады. Әр баланың екі қолында «қар» (жасанды қар) болады.

Жаттығу 1

Бастапқы қалып: аяқ — иық деңгейінде, қол — кеуде тұсында.

  • 1 — «қарды» мойын тұсынан жоғары көтеру
  • 2 — мойын тұсына қайта әкелу

Қайталау: 5–6 рет.

Жаттығу 2

Бастапқы қалып: аяқ — иық деңгейінде, қол — кеуде тұсында.

  • 1 — қолды екі жаққа созу
  • 2 — қолды жоғары көтеру
  • 3 — аяқтарды бірге қосу

Қайталау: 5–6 рет.

Жаттығу 3

Бастапқы қалып: аяқ — иық деңгейінде.

  • 1 — оң қолды жоғары көтеру
  • 2 — сол қолды жоғары көтеру

Қайталау: 5–6 рет.

Жаттығу 4

Бастапқы қалып: аяқ — бірге, қол — төменде.

  • 1 — қолды жоғары көтеру
  • 2 — аяқтарды бірге ұстап, ашып-жабу (секірмей)
  • 3 — аяқтарды қайта жинау, қол төменге түседі

Қайталау: 5–6 рет.

Жаттығу 5

Бастапқы қалып: аяқ — бірге, қол — алға созулы.

Отыру-қалпына келу қозғалысын орындау (қол алға созулы күйде).

Қайталау: 5–6 рет.

Тыныс алу жаттығуы

  1. Қолды жоғары көтеріп, мұрынмен терең дем аламыз.
  2. Ауызбен «а-а-а-а» деп баяу дем шығарамыз.

Жаттығулар аяқталғаннан кейін балалар қайтадан бір сапқа тұрады.

Қорытынды

Тәрбиеші балаларға орманға жақындағандарын айтып, алдағы тапсырмаларды орындауға жігерлендіреді.

Автор туралы

Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №35 «Балақай» бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы — Ташимова Раушан Нигметовна.

Материал: «Қыс қызығы».