Сөз мағынасының түрлерін ата
Сабақтың тақырыбы
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақтың мақсаты
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мұқият мән беруге үйрету.
Құрал-жабдық
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Үлестірмелер
Міндеттері
- Сөз мағынасына байланысты түрлерді еске түсіре отырып, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға және оларды байланыстырып сөйлем құрауға дағдыландыру.
- Оқушылардың есте сақтауын, тілін және сөздік қорын дамыту.
- Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу және халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Әдістері
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық даярлық:
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен.
Өткенді қайталау және тірек білімді жетілдіру
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: біз Жеті ата аулына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін көлік дайындайық. Техника дамымаған кезде ата-бабаларымыз қандай көліктерді пайдаланған?
Сұрақ-жауап (көлік)
- Көлік ретінде: ат, түйе, өгіз.
- Таңдау: ат.
- Жабдықтар: қамыт, доға, делбе, шана, ершік, т.б.
1-ата ауылы: «Сынақ дорбасы»
- Сөз мағынасының түрлерін ата.
- Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
- Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем құра.
Мақсат қою кезеңі
Дидактикалық ойын: есептерді шығару арқылы жаңа тақырыпты ашамыз.
Мысал
232 × 20
Мысал
348 × 2
Мысал
3720 ÷ 3
Жаңа тақырып:
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Саяхатымызды жалғастырайық. Алдымызда көрінген ауылдарда жаңа білімді бекітіп, тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сабақ және тапсырмалар
2-ауыл: Әке ауылы
Дәптермен жұмыс • Көркем жазу
Ж ж • жеті
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
3-ауыл: Бала ауылы
Поэзия минуты • 7-жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты-ау ара оңдырмай.
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
Қадыр Мырза Әли
Тапсырмалар
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу.
Табылған жұп
тәтті — ащы
4-ауыл: Немере ауылы
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Сұрақ
Сергіту сәтінде қандай қарама-қарсы сөздер қолданылды? жоғары — төмен, алға — артқа, отыр — тұр.
Тапсырма: мақалдарды жатқа жаз
- Мейірімді алғыс алса, мейірімсіз қарғыс алар.
- Ақылды іс тындырады, ақымақ тіс сындырады.
Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
5-ауыл: Шөбере ауылы
«Сиқырлы сандық»
Сандықтың ішінен сөздер алынып, оларға мағынасы қарама-қарсы сөздер табылады.
Сөз
Мейірімді
Қарама-қарсы мағынасы
Мейірімсіз
Сөз
Жуас
Қарама-қарсы мағынасы
Асау
Сөз
Қымбат
Қарама-қарсы мағынасы
Арзан
Сөз
Сұйық
Қарама-қарсы мағынасы
Қою
Сөз
Қашық
Қарама-қарсы мағынасы
Жақын
6-ауыл: Шөпшек ауылы
10-жаттығу
Негізгі тапсырмалар
- Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз.
- Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдеп үйрен.
- Өзің таңдаған жұптармен сөз тіркестерін жаз.
Сөз жұптары
Дәлелдеу үлгісі
жақсы және жаман сөздері — мағынасы қарама-қарсы сөздер, өйткені мағыналары бір-біріне қарсы, әрі екеуі де сын есімге жатады.
Сөз тіркестері (үлгі)
- жақсы бала
- жаман адам
- оңай тапсырма
- қиын есеп
- үлкен үй
- кіші бөлме
7-ауыл: Немене ауылы
Топтық жұмыс
1-топ
Сәйкестендіру тесті.
2-топ
Қарама-қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
3-топ
Қарама-қарсы мағынасы бар жұмбақ немесе мақал-мәтел тауып жазу.
Сабақты қорыту
Немене ауылы «Сиқырлы ұяшық» тапсырмасын ұсынады. Ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береміз.
Ереже
- 10: Сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
- 20: Қандай сөздер қарама-қарсы мағыналы сөздер деп аталады?
Мақал-мәтел
- 10: «Білім» сөзіне байланысты мақал айт.
- 20: Жалғастыр: «Жақсыдан үйрен, ...»
Түсіндірме сөздік
- 10: «момын» сөзінің мағынасын түсіндір. Мәндес сөз айт.
- 20: «шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
- 10: Жеті атаңды ата.
- 20: Жеті қазынаны ата.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не істедің, нені үйрендің?
Жеті ата қалай бөлінеді? ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Бағалау
Қорап ішіндегі бағалау парақтары (немесе бағалар) оқушыларға үлестіріледі.
Үй тапсырмасы
12-жаттығу (72-бет).