Қоспасыз таза және жаншылған котлеттер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Котлет жасау технологиясы (9-сынып)
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Плакат №7
Пәнаралық байланыс
Биология

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды котлет дайындау технологиясымен таныстыру.

Дамытушылық

Теориялық білімді практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Үй шаруасына икемділікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Тұздықтардың классификациясын түсіндіріңдер.
  2. Салқын тұздықтар мен ыстық тұздықтардың айырмашылығы неде?
  3. Тұздықтың қандай түрлерін білесіңдер?
  4. Ақ және қызыл негізгі тұздықтарға сипаттама беріңдер.
  5. Дайын тұздықтың бетінде қабық пайда болмауы үшін не істеу керек?
  6. Гарнир дегеніміз не?
  7. Ет тағамдарына гарнир ретінде қандай азық-түліктер пайдаланылады?

III. Жаңа сабақ: котлет туралы негізгі ұғымдар

Котлет әртүрлі шикізаттан дайындалады: еттен, балықтан, үй құстарының етінен, сондай-ақ аң мен еті жеуге жарамды жабайы құстардың етінен, көкөністен және жармадан.

Котлет түрлері

  • Қоспасыз таза котлет
  • Жаншылған (тоқпақталған) котлет
  • Туралған (фарштан) котлет

Қоспасыз таза және жаншылған котлет үшін мал ұшасының ең жұмсақ бөлігі (арқа мен белдеме), сондай-ақ үй құсы, аң және жабайы құстардың төс еті қолайлы. Ал туралған котлетке ірі қара, қой және құстың жілік еті жиі қолданылады.

Көкөніс котлеттері піскен картоптан, қырыққабат пен сәбізден немесе асханалық қызылшадан дайындалады. Жарма котлеттері пісірілген күріштен, сөктен, манкадан, арпа жармасынан жасалады.

Гарнир таңдауы

  • Ет котлеттері: қуырылған/қайнатылған картоп, картоп пюресі, көк бұршақ, макарон, сусымалы ботқа, әртүрлі көкөніс гарнирлері.
  • Балық котлеттері: қайнатылған картоп, картоп пюресі, буға пісірілген күріш.
  • Көкөніс және жарма котлеттері: көбіне гарнирсіз беріледі, бірақ соус немесе сары май қосылады.

Ерекше жағдай

Жармадан жасалған котлеттерді тәтті тағам ретінде де ұсынуға болады: ваниль қосып, көкөністен жасалған тәтті соуспен, кисельмен немесе қайнатпамен береді.

Қоспасыз таза және жаншылған котлеттерді дайындау

Қоспасыз таза котлет

  1. Етті жақсылап жуып, тазалаңдар.
  2. Етті қиғаштап, котлет көлеміндей етіп кесіңдер.
  3. Әр тілімге тұз және аздап бұрыш себіңдер.
  4. Табаға салып, екі бетін қызарғанша қуырыңдар.

Қосымша тәсіл

Котлетті сүт соусымен духовкада да пісіруге болады: алдымен қуырып алып, үстіне сүт соусын құйып, үгілген ірімшік сеуіп, духовкаға қояды.

Жаншылған котлет

  1. Етті жуып, тазалаңдар.
  2. Әр бөлікті тоқпақпен сәл жаншып, тұздап, бұрыш себіңдер.
  3. Жұмыртқаға малып алыңдар.
  4. Кептірілген нан ұнтағына аунатыңдар.
  5. Табаға салып, 15–20 минут қызарғанша қуырыңдар.
  6. Дастарқанға қояр алдында үстіне сары май қосыңдар.

Өлшем (4–5 котлетке)

  • Ет — 600 г
  • Шыжғырылған немесе басқа май — 2 ас қасық
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Кепкен нан ұнтағы — 3 ас қасық
  • Тұз, бұрыш — талғамға қарай

Туралған еттен жасалған котлет

  1. Етті сүйегінен ажыратып, сіңірінен тазартыңдар.
  2. Ұсақтап турап, еттартқыштан өткізіңдер.
  3. Суық суға немесе сүтке жібітілген қабықсыз нанды қосыңдар.
  4. Тұз, бұрыш қосып, бәрін мұқият араластырыңдар.
  5. Қоспаны еттартқыштан тағы бір рет өткізіңдер.

Ескерту

Арық еттен немесе кәрі мал етінен котлет тығыз әрі құрғақ болып шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда массаны үзбей араластыра отырып, аз-аздан суық су, сүт немесе кілегей құйған дұрыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Котлет неден жасалады?
  2. Қоспасыз таза және жаншылған котлеттердің айырмашылығы неде?
  3. Туралған еттен котлетті қалай дайындайды?

V. Сабақты қорыту

Бүгінгі сабақта котлет жасау технологиясымен танысып, котлеттің түрлері мен оларды дайындаудың негізгі тәсілдерін үйрендік.

VI. Үйге тапсырма

Котлет дайындау (практикалық жұмыс).

VII. Білімді бағалау

Оқушылардың жұмысы мен жауаптарына сәйкес баға қою.

VIII. Жұмыс орнын ретке келтіру

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, құрал-жабдықтарды жинап, жұмыс орнын таза күйге келтіру.