Тәуелсіздіктің 20 жылдығынаМұқағали Мақатаев Отан туралыСабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңі.

Сабақтың мақсаты

  • Авторды таныстыру; өлеңдегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту; сөздік қорын молайту; мәнерлеп оқу мен ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Өз елін, жерін, Отанын және тілін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру

Тәрбиелік мәні

Намысты, ұлтжанды болуға тәрбиелеу

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

М. Мақатаевтың портреті, автор кітаптары, топтастыру стратегиясы, бейнесюжет, кесте-сызба, мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

Оқушылардың назарын сабаққа аудару және сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы эмблемасы көрсетіледі).

Сұрақ-жауап

— Балалар, алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр?

— Ендеше бүгінгі сабағымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Барлық білімімізді, ойымызды және ізденісімізді осы сабақта көрсетеміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жақан Смақовтың «Отан» өлеңін жатқа айту.
  2. Елдігімізді білдіретін басты белгілерді атау:
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы (авторы).
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы (авторлары).
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны (авторлары).

III. Сергіту сәті

Бейнесюжет: «Тәуелсіздік аллеясы».

IV. Жаңа сабақ

Топтастыру стратегиясы

Төмендегі сызбаға оқушылар «Отан» ұғымын білдіретін сөздер мен тіркестерді жазады.

мөп-мөлдір аспан туған жер ана тілі салт-дәстүр ел бірлігі

Автор туралы

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев 1936 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ол — қазақтың ақиық ақыны, «Қара өлеңнің Құлагері» атанған тұлға.

Ақын поэзиясы әртүрлі тақырыптарды қамтиды: ана туралы жырлар, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.

V. Оқулықпен жұмыс

а) Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы

Өлеңді тыңдай отырып, қасиетті қазақ тілінің мәртебесіне назар аудару.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі

  • 1989 жылы 22 қыркүйекте «ҚР тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
  • 1997 жылы 7 шілдеде «Тіл туралы» Заң қайта қабылданды.

ә) Оқушылардың тізбектей оқуы

Өлеңді әр оқушы кезекпен оқып, дауыс ырғағы мен тыныс белгілеріне мән береді.

б) Дәптермен жұмыс

Өлеңнен төмендегі сөздерге қатысты тіркестерді тауып, жазу:

… өзен
… тіл
… тау
… үн

VI. Кестемен жұмыс

Ақындар Жақан Смақов Мұқағали Мақатаев
Отанды неге теңейді? Оқушы жауабы Оқушы жауабы
Екі өлеңдегі ұқсастықтар Оқушы жауабы
Екі өлеңдегі ерекшеліктер Оқушы жауабы

VII. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

  1. Бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
  2. Ақынның ойынша «Отан» ұғымына нелер кіреді?
  3. Ақын «қасиетті тіл» деп қай тілді айтып отыр?
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

Негізгі ұғымдар

Қазақстан тәуелсіз мемлекет көпұлтты қонақжай тілі салт-дәстүрі

Өлең жолдары

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік — жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын — ұраным.
Тәуелсіздік — өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім — қолдан түспес құралым.

Тыңдалым

Үнтаспадан Отан туралы ән тыңдау.

VIII. Үй тапсырмасы

Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңін жаттау.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы мадақтау және ескертулер арқылы бағаланады.