Бес жолды өлең
Жеңістің 30 жылдығы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Байтілеуова А. Е.
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды түбірлес сөздер терминімен таныстыру, сөз құрамы туралы түсінігін қалыптастыру және осы мақсатқа сай топтық жұмысты ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру
- Сұрақ–жауап
- «Ой қозғау»
- «Бес жолды өлең»
- «Бес саусақ»
Сабақтың міндеттері
Сөйлеу және жазу дағдысы
Төмен және жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюға үйрету; сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру; мәнерлеп сөйлеуге және көркем, сауатты жазуға көмектесу.
Сыни ойлау
Оқушының сыни ойлауын дамыту, өз ойын еркін айтуға қолайлы орта қалыптастыру.
Шығармашылық және қорытынды
Шығармашылығын арттыру; жеке, жұптық және топтық жұмыс арқылы ізденуге, қорытынды жасауға мүмкіндік беру.
Сабақ барысы
Психологиялық кезең
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз.
Топқа бөлу
1-топ
Түбір
2-топ
Жұрнақ
3-топ
Жалғау
Үй тапсырмасы
45-жаттығу
Үлгі
Біл – гіш → гір
Оқу – лық → шы
Ой қозғау
«Доп лақтыру» әдісі арқылы сұрақ-жауап жүргізу.
Жаңа сабақ
Тақырып: Түбір сөз және туынды сөз
46-жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жаз.
Шежіреші кісі шежіре айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
Тапсырма
Түбірлес сөздерді тап және олардың мағынасын түсіндір.
Топтық жұмыс — 47-жаттығу
Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жаса.
I топ
бас…
II топ
көр…
III топ
ой…
Сергіту сәті
«Шырша» биі.
48-жаттығу
Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы.
Сұрақ
Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды?
Жұптық жұмыс — 50-жаттығу
Суретке қара. Сұрақтарды оқып, жауаптарын жаз.
-
1) Суретте суретші нені бейнелеген?
Дәрігер.
-
2) Дәріханада кім жұмыс істейді?
Дәріханада фармацевт жұмыс істейді.
-
3) Дәрігердің қолындағы не?
Дәрі.
51-жаттығу
Жұмбақты шеш.
Үлпілдеген аппағым,
Өзім күтіп, баптадым.
Күзде сыймай қапшыққа,
Айла, амал таппадым.
Тапсырма
Төмендегі сөздердің ішінен жұмбақтың жауабы болатын сөздерді тап.
Шығармашылық тапсырма
«Бес жолды өлең» құрылымы
Берілген үлгі бойынша бес жолды өлең құрастыр.
1
Зат есім
2
Сын есім
3
Етістік
4
Сөйлем
5
Синоним
Ескерту
Слайдтарды жүктеу.