Талғамы заңғар замандаатағы кеткен ғаламғаелімніңару қыздары
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Абыройы Күнмен жарысқан,
көкірегінен әсем ән ұшқан,
мейірін төккен адамға
бақытты байтақ даламда
тағдырлар талай табысқан.
Талғамы заңғар заманда
атағы кеткен ғаламға
елімнің
ару қыздары!
Шаңырағы - шалқақ, кең ірге,
жайқалып бидай белінде,
шалғыны сүйген балтырдан,
қырманы толған алтын дән,
күмбірлеп күйі көгінде,
сандуғаш көмей ән тұнған
бақыттылардың мекені -
жерімдей
жайсаң қыз жаны!
Таулары заңғар, дала кең,
дертіңе саумал самалы ем,
шыңы қар, көктем етегі,
қуаныш құшқан ана мен
бақытты бөбек мекені,
мекенін сезім, санамен
ұланы мақтан етеді.
Ер көңіл жайсаң жандары,
бұл күнде - шалғын шаңдағы,
мәңгілік далам, жас далам
жұлдызға жонын жалғады,
қауызын жарып тасқа дән,
самалдай еркін самғады,
малынып нұрға таңдағы,
әлемді түгел шарлады
қыздары салған асқақ ән!
Нұр төгіп Отан төбемнен,
мейіріміне бөленгем!
Сенімге толы көңілдер
көктемгі көктей көгерген.
Жасаңдар, құшып сенім - күн,
құлпырған гүлдей құздағы,
жұлдызы жанған жерімнің
жұлдыздай жарқын қыздары!
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы рөлі
Ақтөбе қаласы
Волейбол туралы түсінік
Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
М. Байғұттың шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Қазақта елін, жерін жанқиярлықпен қорғап өткен батыр ұлдары мен батыр қыздары жетерлік
Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы
Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші
Бір оқытушының сабағынан ала алмай әбден әбіржіп кеткенім
Жер ананың сұлу қыздары
Біздің атамекеніміз, қасиетті қазақ даласы бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы
Келгенің қалай, кеткенің қалай
Біз бетіне тұтас жапырақ пен гүлдің суреті және әр түрлі оюлар салынған, өзі әбден қарайып кеткен баяғының кәдімгі екі кебежесін көріп пе едіңіз
Қанжығалы қарт Бөгембай деп атап кеткен
Домбыра атауларының бұлай бөлінуі қазіргі құлаққа түрпідей тимес үшін түсіндірме бере кеткен жақсы