Сіздер сабақ бойы осы тараудан алған білімдеріңізді мына кезеңдерден көрсете аласыздар
Сабақтың барысы
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектептің география пәні мұғалімі — Балманова Гульмира Советқызы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа дайындықтарын қадағалау
- Оқушылардың қызығушылығын ояту
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Тарауда өткен тақырыптарды бір-бірімен байланыстыра отырып, ойды жинақтап айтуға үйрету, анықтамаларды есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын жүйелеуге және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауға үйрету, алынған білімді өмірде қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Қайталау
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, жинақтау
- Өткізу формасы
- Топтық, жеке
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер мен құралдар
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Жұмыс дәптері
- Карта
- Тест тапсырмалары
- Глобус
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«План және карта» тарауы бойынша қайталау сабағы 6 кезеңнен тұрады. Сабақ барысында осы тараудан алған білімдеріңізді әр кезеңде көрсете аласыздар (слайд арқылы көрсетіледі).
Кіріспе сұрақ
Тарауда қандай терминдермен таныстыңыздар?