Қай әңгімеден алынған, авторы кім
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- С. Мұқанов — «Есіл бойында»
- Сабақтың мақсаты
- Өтілген тақырып бойынша білімді жинақтап, бекіту.
- Сабақтың түрі
- Білімді жинақтау және қорыту сабағы.
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, ойын элементтері.
- Пәнаралық байланыс
- География, қазақ тілі.
- Көрнекіліктер
- С. Мұқанов шығармалары, бүктеме, карта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды кезекші арқылы түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды үш топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау.
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі
С. Мұқанов — қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының бірі. Ол 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Преснов ауданы) өңірінде Мұқан есімді кісінің отбасында дүниеге келген.
Сыныпқа бағытталған сұрақ
Балалар, С. Мұқанов аталарың туралы не білесіңдер? Қандай шығармаларын атай аласыңдар?
III. Үй тапсырмасын тексеру және топтық жұмыстар
I топ
Сурет салу
Мәтін мазмұны бойынша көріністі сурет арқылы бейнелеу.
II топ
Бүктеме дайындау
С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы бүктеме жасау.
III топ
Бес жолдық тұжырымдама
Берілген құрылым бойынша қысқа поэтикалық қорытынды жазу.
Үлгі (бес жолдық тұжырымдама)
- 1 Зат есім: өзен
- 2 Сын есім: сұлу, асау
- 3 Етістік: шалынады, шапшиды, төгіледі
- 4 Үстеу: сумаңдай, ширақталып, мұнартып, сыймай
- 5 Түйін сөз: «Есіл тасып барады, жардан асып…»
IV. Сабақты бекіту: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Бүгінгі сабақта алған білімімізді жинақтау үшін жұмысты зияткерлік сайыс түрінде жалғастырамыз. Ойын 7 кезеңнен тұрады.
I кезең — «Бәйге»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
I топ сұрақтары
- Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі кім туралы? (Әнші Әмірхан)
- С. Мұқанов қай облыста дүниеге келген? (Солтүстік Қазақстан)
- «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М. Әуезов)
- Луи Арагон қай елдің жазушысы? (Франция)
- Эпифора дегеніміз не? (Жол соңында қайталау)
II топ сұрақтары
- І. Жансүгіровтің «Әнші» өлеңі кім туралы? (Әсет Найманбайұлы)
- І. Жансүгіров қай облыста дүниеге келген? (Талдықорған)
- «Қамаудан» кімнің өлеңі? (С. Сейфуллин)
- Ш. Айтматов қай елдің жазушысы? (Қырғызстан)
- Анафора дегеніміз не? (Жол басында сөзді қайталау)
III топ сұрақтары
- Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері? («Көксерек»)
- М. Әуезов қай облыста дүниеге келген? (Семей)
- «Ботагөз» романының авторы кім? (С. Мұқанов)
- Мұратбек қай әңгіменің кейіпкері? («Есіл бойында»)
- Тақырып дегеніміз не? (Жазушы суреттеген өмір құбылысы)
II кезең — «Көкпар»
Әр топтан бір оқушы шығып, билет алады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Айтылған мақал-мәтел саны — жиналған ұпай.
III кезең — «Тіл өнері»
Әңгімеден бір сөйлем беріліп, оның ішінен бір сөз түсіп қалады. Оқушы жоғалған сөзді тауып, оны орысша және ағылшынша аударады.
| Сөйлем үзіндісі | Жауабы (қазақша) | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|---|
| «Қарақат, тәтті де, ___ да жеміс-ау!» | сұлу | красивый | beautiful |
| «___ — адамға жеңсік.» | жеміс | фрукты | fruit |
| «Тәттілігі қандай сол ___» | судың | вода | water |
| «Одан кейін — тағы мың ___.» | ән | песня | song |
| «Сол күні қарлы ___ жауған екен.» | жаңбыр | дождь | rain |
| «Ол — өте ___ ән.» | жақсы | хорошо | good |
IV кезең — «Жанды сөз»
Өтілген тақырыптар бойынша әр топ алдын ала дайындаған тест сұрақтарын қояды.
V кезең — «Суретте, бейнеле»
Дәптерлерді ашып, Мырзатай бейнесін топтастыра отырып сипаттау. Бір оқушы жауап береді.
VI кезең — «Шешен сөз»
Әр топтан бір оқушы шығып, тақырып таңдайды және өз ой-пікірін ортаға салады.
- Мұратбектің орнында болсаң, не істер едің?
- Мырзатай қандай халық композиторының әндерін айтады?
- Ұлпаны қандай қыз деп ойлайсың?
VII кезең — «Жорға»
Өткен тақырыпқа байланысты әр топқа жылдам жауап беруді талап ететін қосымша сұрақтар қойылады.
I топ
- Метафора дегеніміз не? (Ұқсас затқа баламалап айту арқылы бейнелеу)
- С. Торайғыров неше жыл өмір сүрді? (27 жыл)
- «Қараадыр сайы, қасқырлар мекені» қай шығармадан, авторы кім? («Көксерек», М. Әуезов)
- Кейіптеу дегеніміз не? (Жансызға адам қасиетін теліп суреттеу)
- Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
II топ
- Портрет дегеніміз не? (Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттеу)
- І. Жансүгіровтің «Әнші» шығармасындағы Әмірхан сүйген қыздың аты кім? (Ақтамақ)
- «Жетішатыр — жақсы қала» қай шығармадан, авторы кім? («Әнші», Ж. Аймауытов)
- Абай қара сөздерін қай жылдары жазды? (1890–1898 жж.)
- Мұң-шер өлеңдеріне қандай өлеңдер жатады? (Қоштасу, естірту, жоқтау, бата)
III топ
- Алғадай кімнің ұлы? (Ж. Жабаевтың ұлы)
- Ұйқас дегеніміз не? (Тармақ соңындағы дыбыс үндестігі)
- «Шіркін, қарақат, тәтті де, сұлу да жеміс-ау!» қай шығармадан, авторы кім? («Есіл бойында», С. Мұқанов)
- «Алтын көрсе періште жолдан таяды» Абайдың нешінші қара сөзінде? (29-сөз)
- Қазақ өлеңі көбінесе неше тармақтан тұрады? (4 тармақ)
V. Қорытынды
Оқушылар жинаған ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
«Есіл тасып барады» әнінің тарихына байланысты әңгіме құрастырып жазу.