Дүниетану 2 сыныпСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушылардың құстар туралы білімін кеңейту, тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру, негізгі белгілерін айқындау.
Дамытушылық
Қоршаған әлемге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, бақылау мен салыстыру дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
Табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу; қамқорлық пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастырушылық кезең
1 минутПсихологиялық дайындық: оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру үшін қысқа ойын немесе жаттығу ұйымдастыру (мысалы, «Жануарлар атауы» бойынша жылдам шеңбер).
II. Үй жұмысын тексеру
5 минутОйын: «Зоопаркке саяхат»
Түрлі аңдардың суреттері ілінеді. Әр суреттің артында өткен тақырып бойынша сұрақ жасырылады. Оқушылар сұрақты таңдап, жауап береді.
Сұрақтар
- Жануарлар дегеніміз не? Олардың адамдарға қандай пайдасы бар?
- Жабайы және үй жануарларының айырмашылығы қандай?
- Неліктен кейбір жануарларды сүтқоректілер деп атайды?
- Жабайы аңдардың табиғаттағы пайдасы қандай?
- Қосмекенді жануарлар деп қандай жануарларды айтамыз?
- Жабайы жануарлар қыста қайда мекендейді және немен қоректенеді?
III. Жаңа сабақ
10 минутҚызығушылықты ояту
Ребус шешу: «Құстар». Тақырыпты анықтап, қандай құстарды білетіндерін сұрау.
Негізгі түсінік
Құстар — қанатты жануарлар. Олар өздігінен тіршілік етеді, дамиды және көбейеді.
Құстардың пайдасы
Құстардың түрі өте көп. Көптеген құстар құрт-құмырсқа және өзге жәндіктермен қоректеніп, егістік пен өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді азайтуға көмектеседі (суретпен жұмыс ұйымдастыруға болады).
Түрлері: үй құстары және жабайы құстар
Үй құстары
- Адам бағып-қағады.
- Жұмыртқа, ет, қауырсын сияқты өнім береді.
Жабайы құстар
- Табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
- Қоректік тізбекте маңызды рөл атқарады.
Кестемен жұмыс: үй және жабайы құстардың пайдасы мен зиянын салыстырып талқылау.
IV. Нақтылау және қайта жаңғырту
10 минут1) Бұл қандай құс?
Сурет бойынша құсты танып, негізгі белгілерін атау (тұмсығы, қанаты, мекені, қорегі).
2) Жұмбақтар
-
Салатын ұяны, өткір көзі шегір, бүргенін құртар тұяғы.
Жауабы: Бүркіт
-
Кеудесі қайқандап, жүреді байпандап.
Жауабы: Қаз
-
Имектұмсық алғыр құс.
Жауабы: Қаршыға
-
Көк жүзінде жылжып жай, керуен құрып тізіліп, ілгек-ілгек шынжырдай, қалмайды олар үзіліп?
Жауабы: Тырна
-
Сирағы ұзын, тырнағы ұзын. Балықты сүзбей, ұстайтын шоқып, тұмсығы біздей.
Жауабы: Тырна
3) «Кім жылдам?»
Сурет құрастыру (мозайка): құс бейнесін бөліктерден жылдам құрастырып, атауын айту.
4) «Анасын тап»
Құстар мен олардың балапандарын сурет арқылы сәйкестендіру. Неліктен олай таңдағанын дәлелдету.
Сергіту сәті
2 минутҚысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта жинақтау.
Оқулықпен жұмыс
4 минутМәтінді оқып түсіну. «Түртіп алу» әдісімен маңызды деректерді дәптерге жазу.
Карточкалық тапсырмалар
3 минутЖұппен жұмыс: оқулықтан алған білім бойынша қысқа тапсырмаларды орындау.
Қызықты мәлімет
2 минутХалық болжамдары
- Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
- Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
- Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
- Аязды күні қанатын қақса, аяз қайтады.
- Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылынады.
- Қаздар аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
«Еркін микрофон»
2 минутӨзекті сұрақтар
- Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?
- Құстарға қалай көмектесуге болады?
Рефлексия
3 минутВенн диаграммасы
Үй құстары мен жабайы құстардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
Жабайы құстар
Табиғи ортада тіршілік етеді, өз қорегін өзі табады.
Ұқсастығы
Екеуінің де қанаты, қауырсыны бар; жұмыртқалайды.
Үй құстары
Адам күтімінде болады, қорада ұсталады.
Үй жұмысы
2 минут- Оқу және мазмұндау.
- Қосымша мәлімет іздеу.
Бағалау
2 минутАлдымен оқушылар өзін-өзі бағалайды, кейін мұғалім қорытынды баға қояды.