Алаш топ басшысының сұрақтары
Сыныптан тыс жұмыс
Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Байғараева Жаңагүл ұсынған сыныптан тыс іс-шара.
Тақырыбы
Елім менің
Мақсаты
- Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.
- Қазақстан тарихын терең түсінуге бағыттау.
- Ой қорыту, тұжырым жасау дағдыларын дамыту.
- Қабілеттерін шыңдап, көп оқып, ізденуге жетелеу.
Көрнекілігі
Газеттер, нақыл сөздер, кітап көрмесі, қима-қағаздар, слайд.
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында: жалпы білім беретін мектептің мақсаты — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, әрбір шәкіртті тұлға деп танып, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау, — деп көрсетілген.
Қазақстан деген сөздің қуатты естілуі, еліміздің өркениетті мемлекеттермен терезесі тең тұруы үшін жастардың жан-жақты, терең білімді болуы қажет деген ойды басшылыққа ала отырып, сайысымызды бастаймыз.
Қатысушылар
1-топ
Алаш тобы
7 «Б»
2-топ
Білім тобы
7 «А»
3-топ
Томирис тобы
7 «В»
Сайыс құрылымы
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр тур оқушылардың білімін, жылдамдығын, тапқырлығын және шығармашылығын ашуға бағытталған.
-
1-тур — Таныстыру
Әр топ өз төсбелгісі, ұраны және слайд арқылы топ мүшелерін таныстырады.
-
2-тур — «Кім жылдам?»
Әр топқа сұрақтар қойылады. Мақсат — мүмкіндігінше тез әрі нақты жауап беру.
-
3-тур — «Жалғастыр...»
Әр топқа түрік кезеңіндегі қағанаттар тарихы бойынша тапсырма беріледі.
-
4-тур — Сергіту сәті
Әр топ қарсылас екі топты ойынмен немесе сұрақтармен сергітеді.
-
5-тур — Бейне сұрақ
Қаламыздағы тарихи ескерткіштер бойынша бейнематериал ұсынылады.
-
6-тур — Тарихи жұмбақтар
Өлең жолдарымен берілген тарихи жұмбақтарға жауап беріледі.
-
7-тур — Топ басшысының сұрағы
Топ басшысы мимика, іс-қимыл арқылы сұрақ қойып, тобы жауап табады.
-
8-тур — «Әріптер сөйлейді»
Әріптерді тез ауыстыру арқылы сөздер құрастырылады.
-
9-тур — «Ретімен айт»
Берілген күрделі сөздердің әріптерін ретімен, анық айтып шығу қажет.
-
10-тур — Музыкалық сәлем
Әр топ өз өнерін көрсетіп, музыкалық сәлем жолдайды.
Әділқазылар және нақыл сөз
Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.
Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас, жел толқыса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз — шер толқыса шығады.
Осы баталы сөзбен алғашқы турымызды бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
2-тур: «Кім жылдам?» сұрақтары
Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа жылдам жауап беру қажет. Бірінші болып Алаш тобы бастайды.
Алаш тобы
- Жолаушы мұраты: жету.
- Тұңғыш Президент: Н. Назарбаев.
- Бір жылда неше апта: 52 апта.
- Үйдегі ең қасиетті нәрсе: ошақ.
- Қабанбайдың шын есімі: Ерасыл.
- Соғыста ерлік көрсеткен адам: батыр.
- Томирис туралы: аңыз.
- Ономастика нені зерттейді: атауларды.
Білім тобы
- «Жеті жарғыны» шығарған: Тәуке хан.
- Қазақстан жер көлемі бойынша: 9-орында.
- Тәуелсіздік күні: 16 желтоқсан.
- Сәкен Сейфуллиннің шын есімі: Сәдуақас.
- Қызылорда облысында аудан саны: 7.
- Теңге тарихын зерттейтін ғылым: нумизматика.
- Дарий туралы: аңыз.
- Этнография нені зерттейді: тұрмыс-салтты.
Томирис тобы
- Көне заттарды сақтайтын орын: мұражай.
- Қасиетті тағам: нан.
- Жер шарындағы ең көп халық: қытай.
- ҚР туының авторы: Ш. Ниязбеков.
- Т. Әубәкіров ғарышқа ұшқан жыл: 1991 (қазан).
- Қазақстан астаналары: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.
- Температура өлшейтін құрал: термометр.
- Александр Македонский туралы: аңыз.
Өлең жолдары
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді шыңдай біл,
Бағыңды сынар жарыста.
Сұрақтары әртүрлі,
Тақырыпта қойылар.
Бәйгеде озар жүйрік ой,
Шығуға кімнің ойы бар?!
3-тур: Қағанаттар тарихы
Бұл кезеңде әр топ өзіне берілген қағанаттың тарихын толықтырып жазып, ауызша қорғайды. Жазылған сөйлем саны ескеріледі. Орындауға 5 минут уақыт беріледі.
Алаш тобы
Оғыз мемлекеті
Білім тобы
Батыс Түрік қағанаты
Томирис тобы
Түргеш қағанаты
4–5-турлар: Сергіту және бейне сұрақ
4-тур — Сергіту сәті: әр топ қарсылас екі топқа ойын ойнатады немесе қысқа сұрақтар қояды.
5-тур — Бейне сұрақ: әр топ екі қарсыласына екі бейне сұрақ қояды. Мақсат — көргенін талдап, тарихи нысандарды тану.
6-тур: Тарихи жұмбақтар
Әр топқа өлең шумақтарымен берілген 4 тарихи жұмбақ ұсынылады.
Алаш тобы
Қадам бас алға сүрінбей, Болашақ кілті білімде. Қандай мағына береді, сақ сөзі парсы тілінде?
Жауабы: «Құдіретті еркектер»
Басынан кешкен шақтарды, тарихшы тізіп ақтарды. Кімдер деп тағы атады, грек Геродот сақтарды?
Жауабы: массагеттер
Ағаға тыныс іні еді, тарих өткеннің үні еді. Сақ әйелінің ерлігін сипаттап берген кім еді?
Жауабы: Ктесий
Көгенге құлын байлады, бес қаруды сайлады. Айтып берші, қай сақтар Арал мен Сырды жайлады?
Жауабы: парадарайа
Білім тобы
Тарихты жаттап кешегі, саналы ұрпақ өседі. Аргипейлер қай жерді мекен қылып көшеді?
Жауабы: Аралдың солтүстік-шығысы
Білімді алтынға теңедік, достарға ашық, кең едік. Әйгілі сусын жасаушы сақтарды кімдер деп еді?
Жауабы: хаомаварга
Бел-белестен асады, өр сақтардың жасағы. Тиграхауда сақтары қай жерде мекен жасады?
Жауабы: Жетісу
Еңселі ел көпке танылды, ізгі ниеттілер де ағылды. Егінші сақтар мекені қай қала маңынан табылды?
Жауабы: Алматы
Томирис тобы
Хаммурапи заңында кімнің қолы кесілді?
Жауабы: әкесін ұрған ұлдың
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде «Алтын адам» нешеде болған?
Жауабы: 17 жаста
Ява аралын зерттеушілер кімді тапты?
Жауабы: питекантроп
Кім есімін зерттейтін ғылым қалай аталады?
Жауабы: антропонимика
7-тур: Топ басшысының тапсырмасы
Бұл турда топ басшылары мимика және іс-қимыл арқылы өз тобына сұрақ қояды. Мұнда көшбасшының әртістік қыры, ал қатысушылардың алғырлығы байқалады.
Алаш тобы
- Ежелгі тас дәуірі адамдарының негізгі кәсібі қандай?
- «Этнография» сөзінің мағынасы қандай?
Білім тобы
- Қола дәуірі адамдарының шаруашылығы қандай болды?
- Антропология дегеніміз не?
Томирис тобы
- Темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы мен кәсібі қандай болды?
- Археология дегеніміз не?
8–10-турлар: Сөз, шеберлік, өнер
8-тур — «Әріптер сөйлейді»
Әріптерді жылдам ауыстырып, берілген сөздерді құрастыру тапсырмасы орындалады.
9-тур — «Ретімен айт»
Әр топқа екі күрделі сөзден беріледі. Сөзді анық, дұрыс айту қажет.
Алаш тобы: зымыран, омақаса.
Білім тобы: қопарылған, сәулелі.
Томирис тобы: ірімшік, мадақтау.
10-тур — Музыкалық сәлем
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, бұл кезең топтардың өнерін тамашалауға арналады.
Қорытынды және құттықтау
Тебіренбей сөйлеу бүгін мүмкін емес,
Қазақ халқы тәуелсіздік алған кезде.
Бұл бостандық оңайлықпен келген емес,
Қанша жастың қаны арқылы жеткен бізге.
Аман қалған қиындықтан көптеген,
Батыр халық екенбіз ғой біз деген.
Қазақ деген киелі де қастерлі,
Үлгі тұтар өзге ұлттар біздерді.
Әркез тұрар төбемізде желбіреп,
Көк байрағым, қазағыма нұрын сеп.
Туған елдің мақтанышы, айбары,
Биік болшы, барша жанды сүйсінтіп.
Еліміздің мерейі үстем болсын!
Еңсесін көтеретін енді жастар,
Болашаққа нық сенім артады олар:
Елбасым, елімізді алға баста!
Сайыс нәтижесін білу үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 21 жыл толуымен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.
Амандықта жүздескенше!