Аралас сан тобының сұрақтары

Сыныбы: 5

Ашық сабақтың тақырыбы

Аралас сандарды қосу (слайдтармен)

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Аралас сандарды қосу тақырыбы бойынша білімді жүйелеу және оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін дамыта отырып, логикалық ойлауды жетілдіру.

Тәрбиелік

Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • 1 Кестелер, дидактикалық материалдар
  • 2 Тест, бағалау парағы
  • 3 Флипчарт, ActiveVote арқылы тестілеу
  • 4 Презентация

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.
  • Сабақтың ойын түрінде өтетінін хабарлап, мақсатымен және шарттарымен таныстыру.

II. Ойын форматы және топтарға бөлу

Сабағымыз ойын түрінде өтетіндіктен, сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз эмблемасын, ұранын және қысқаша таныстыруын ұсынады.

1-топ

Дұрыс бөлшек

2-топ

Бұрыс бөлшек

3-топ

Аралас сан

Бағалау жүйесі

Дұрыс жауап

5 ұпай

Толық емес жауап

3 ұпай

Қате жауап

0 ұпай

Математикалық ойын сабағы 5 қадамнан тұрады.

I қадам. «Кім жылдам?»

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Мақсат — тез әрі нақты жауап беру.

Дұрыс бөлшек тобы

  1. 1 Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
  2. 2 Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
  3. 3 Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?

Бұрыс бөлшек тобы

  1. 1 Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  2. 2 Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
  3. 3 Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін жазыңыз.

Аралас сан тобы

  1. 1 Аралас сан дегеніміз не?
  2. 2 Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді азайту ережесін жазыңыз.
  3. 3 Аралас сандарды қалай қосамыз?

II қадам. «Тез есептей білеміз бе?»

Тапсырмалар флипчарт арқылы көрсетіледі. Есептерді орындау барысында экранда төмендегі нақыл сөздер кезең-кезеңімен шығып отырады:

«Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ»

«Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген»

«Тәуелсіздік аңсаған арман — қол жеткен мұрат»

Әр топқа карточкалар бойынша есептер беріледі.