Төлеген Айбергенов Аруана - бауыр дүние Сабақтың мақсаты
ШҚО, Көкпекті ауданы
Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Карменова Бахытжамал Базылрахмановна
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы
Төлеген Айбергенов: «Аруана – бауыр дүние»
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ, бірақ... қайта алмайды қартың да бір ән салмай», — деп жырлап өткен ақберен ақын Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның нәрін татқызып, терең ой мен мөлдір сезімді өзіне ғана тән табиғи даралықпен жеткізген дарынды суреткер. Ол қазақ өлеңіне тың серпін, тұтас бір бетбұрыс әкелген ірі талант.
Сабақ мақсаты
Білімділік
Өмірден ерте өткен талантты ақынның «Аруана – бауыр дүние» өлеңін оқыту арқылы шығарманың негізгі ойын ашу, мазмұнын талдау.
Дамытушылық
Оқушыларды өз бетінше ойлануға, дәлелді пікір айтуға, тұжырымды ой түюге баулу; сөз байлығы мен сөздік қорын арттыру.
Тәрбиелік
Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті күшейту, ұлттық құндылыққа құрмет қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Педагогикалық технологиялар
- Қ. Бітібаева ұсынған «Ой тастау – ойланту – ойлау» технологиясы
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
- Блум таксономиясы
Көрнекіліктер
- Ақын өмірі туралы слайд
- Фотоэтюд, плакат
- Маркерлер, топтық жұмысқа арналған материалдар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу, кезекшімен қысқа сұхбат.
- Сабақ мақсаты мен бағыт-бағдарын анықтау: Т. Айбергенов шығармашылығымен танысу, өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктерге тоқталу.
Топқа бөлу
«Жігер» тобы
Топ атауының мәнін түсіндіру, дәлелдеу
«Жалын» тобы
Топ атауының мәнін түсіндіру, дәлелдеу
«Қайрат» тобы
Топ атауының мәнін түсіндіру, дәлелдеу
II. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
«Ана» дегенде ойларыңа не келеді? Әр топ плакатқа өз ойларын түсіреді, кейін ортақ талқылау жүргізіледі.
Топтастыру
«Ана кім?» сұрағына кластер құру. Әр топтан бір спикер шығып қорғайды.
Кластер (үлгі)
III. Мағынаны ажырату (Блум таксономиясы)
Білім
Т. Айбергеновтің өмірі бойынша дайындалған слайдқа назар аудару. «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ-тапсырмалар орындау:
- Т. Айбергенов кім?
- Қашан, қай жерде дүниеге келген?
- Қандай оқу орнын бітірген?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Әр топ оқулық және интернеттен жинақтаған қосымша материалдар арқылы ізденіп, талдап, зерттеу нәтижесін ортаға салады.
Шығармалары (мысалдар)
«Арман сапары» (1963)
«Өмірге саяхат» (1965)
«Құмдағы мұнаралар» (1968)
«Мен саған ғашық едім» (1970)
«Аманат» (1975)
«Бір тойым бар» (1981)
«Ақ ерке, Ақ Жайық»
«Жаңғырған Маңғыстау»
«Қазақстан»
«Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», т.б.
Жатқа оқу
Т. Айбергеновтің «Ана» өлеңін әр топтан бір оқушы жатқа оқиды. Мұғалім өткен тақырыпты қорытындылайды: ана атану, перзент сүю, ұрпақ жалғау — адамзатқа ортақ асыл мұрат; аналар — ізгіліктің дәнін еккен өмірдің өзегі.
Түсіну
«Аруана – бауыр дүние» өлеңімен танысу: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар мазмұнын түсініп, топ ішінде пікір алмасады.
Сұрақтармен жұмыс
- Аңыз дегеніміз не?
- Ақын аңызды өлеңіне қалай арқау еткен?
- Ұқсас шығармалар: Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең», Тахауи Ахтанов «Күй аңызы».
Талдау
Өлең құрылысына талдау жасау үшін ұсынылатын үзінді:
Аруана жаудың қолына түссе,
Ботасын шайнап өлтіріп,
Қаралы мойнын қайтадан
Артқа бармастай халге келтіріп.
Жеріне тартып отырады екен,
Моншақтап жасы боздаумен,
Омырауын шерге толтырып.Талдау нұсқасы: 1 шумақ, 4 тармақ; 19 буын; қара өлең ұйқасы.
Жинақтау
Оқушылар өз көзқарастарын біріктіре отырып, өлең мазмұнын қарасөзге айналдырып жазады. Жұмыстар сынып алдында оқылады.
Бағалау және топтық тапсырмалар
Оқушылар өз жұмысына және топ жұмысына критерий арқылы баға береді. Жаңа білімді қорытындылау мақсатында топтық тапсырмалар:
I топ
Ұқсас шығармаларды еске түсіріп, Венн диаграммасы бойынша салыстыру (Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең», Т. Ахтанов «Күй аңызы»).
II топ
«Бес жолды өлең» (синквейн) жазу.
III топ
«Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында ойтолғау жазу.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары талданып, мазмұны мен тілдік көркемдігі бойынша кері байланыс беріледі.
IV. Ой қорыту
Сен мұны менен бетер ұқ:
Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен
Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!
Т. Айбергенов поэзиясындағы елдік рух, туған жерге сағыныш, ақын аңсап үлгермей кеткен Қазақстанның еркіндігі мен егемендігі туралы ой түю арқылы сабақ қорытындыланады.
Бағалау
Әр оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне, дәлелді пікір айтуына және топтық жұмысқа қосқан үлесіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді оқу.
- Ерекше әсер еткен жолдарын жаттау.
- «Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында шығарма жазу.