Балаларды сабаққа дайындау. Ұйымдастыру кезеңі

Мағынасы жуық сөздер (290–294 жаттығулар)

Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып оқушыларына мағынасы жуық (мәндес) сөздерді таныстырып, оларды мәтіннен табуға, дұрыс қолдануға және сөздік қорын байытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы білімді пысықтай отырып, кей сөздердің мағыналас болатынын түсіндіру.
  • Сөздің өзіне тән мағынасы бар екенін байқатып, сөздерді орынды қолдану дағдысын қалыптастыру, ой-өрісті кеңейту.
  • Мәтін ішінен мәндес сөздерді табуға үйрету арқылы сөздік қорды молайтып, көркем әрі сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі
Жаңа сабақ
Әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау және т.б.
Көрнекілігі
Сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысын парта бойынша тексеріп шығу.

3) Өткенді пысықтау

Дыбыс түрлері, сөйлем және сөз туралы бұрынғы білімдерін еске түсіру.

4) Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

Мұғалім мысал оқып, жаңа тақырыпты ашуға жетелейді:

Ертеде бір ханның Батыр, Ержүрек, Өжет, Батыл, Өткір деген ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, әрқайсысын жеке хандық қылғысы келеді. Бірақ балалары бір хандықта бірге өмір сүргіміз келеді депті. Сөйтіп олар бір жерде тату-тәтті тұрыпты. Елдеріне ат қою үшін жұмбақ шешуді ұйғарыпты: жұмбақтардың шешімдерінің бас әріптерін қоссақ, хандықтың аты шығады екен.

  1. 1. Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық)
  2. 2. Шұқшитқан сені бір әріпке, суреттері де әдемі, ол — ... (Әліппе)
  3. 3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. (Найзағай)
  4. 4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, тебеміз сәті түссе аяқпен де. (Доп)
  5. 5. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді. (Ерін)
  6. 6. Сырт-сырт соғады, уақыт озады. (Сағат)

Жауаптардың алғашқы әріптерін біріктірсек, МӘНДЕС сөзі шығады. Осылайша бүгінгі тақырып таныстырылады.

Түсіндіру және бекіту жұмыстары

Кесте арқылы түсіндіру

Тақтаға төмендегі кесте ілінеді. Оқушылар сөйлемдердегі мағынасы ұқсас сөздерді байқап, ортақ мағынаны анықтайды.

Тақырып Сөйлемдер
Мәндес сөздер
  1. Апам жолға тамақ әзірледі.
  2. Апам ас пісірді.
  3. Апам тағамдарды сөмкеге салды.
  4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді.

Мағынасы ұқсас сөздер: тамақ, ас, тағам, дәм.

Бұл сөздердің жазылуы әртүрлі болғанымен, барлығы тамақ мағынасын білдіреді. Демек, тілімізде мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер болады.

290-жаттығу

Берілген өлең оқылады. Талдау барысында оқушылар өлең ішінен мағынасы жуық сөздерді тауып, олардың неліктен мәндес екенін дәлелдейді.

Талқылау сұрағы

«Бұл жаттығу бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?»

291-жаттығу

Көп нүктенің орнына мағынасы жуық сөздерді тауып жазу:

  • Алыс — қашық, ұзақ, шалғай
  • Әдемі — сұлу, көркем
  • Зәулім — биік, заңғар
  • Батыр — ержүрек, батыл, қаһарман

Сергіту сәті

Аспанды бұлт басып, жаңбыр жауды.

Жел тұрып, дауыл соғып мазаны алды.

Жаңбыр басылды, бұлт ашылды, кемпірқосақ асылды.

Жұптық жұмыс: 292-жаттығу

Мәндес сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бөлек топтап, жұптастырып жазу.

293-жаттығу

Берілген мысалды оқып, талдау жүргізу және тәрбиелік мәнін ашу. Қарамен жазылған «ІРІ» сөзінің мағыналас сөздерін тауып жазу.

Рефлексия және бағалау

«Өз орныңды тап» ойыны

Әр оқушыға ара бейнесіндегі үлестірмелі қағаз беріледі. Қағаздағы сөзге сәйкес «ара» өз «омартасына» барып қонады.

Қайталау сұрақтары

  • Сөз неден құралады?
  • Бүгін біз мағынасы қандай сөздер туралы білдік?
  • Неліктен олар мағынасы жуық (мәндес) сөздер деп аталады?

Қосымша тапсырма

Үлестірмелі карточкалармен жұптаса жұмыс: әр карточкадағы сөздерге мағынасы жуық сөздер тауып жазу.

Үй тапсырмасы

294-жаттығу.

Бағалау

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі, жұптық жұмыстағы дәлелдері және тапсырмаларды орындау сапасы ескеріледі.

Авторлар туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Б. Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі

Мұғалімдер

  • Сауытбаева Гүлжазира Серікбаевна — бастауыш сынып мұғалімі
  • Ибикенова Қарлығаш Қылышевна — бастауыш сынып мұғалімі