Қатысушыларымызға сәттілік
Көктем мерекесіне арналған жылы жүздесу
Көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық өңірінде атап өтілетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, 5-сынып оқушылары арасында «Супер МАМА» сайысы ұйымдастырылады.
Жүргізушілердің тілегі: әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын сыйлайтын аналар мен ару қыздарға қуаныш, амандық, береке тілейміз.
«Әлемдегі ең керемет сөз – МАМА. Сол сөзді айтқанда жүрек қуанышқа толады».
Кеш барысында «Мама» әні орындалады.
Қатысушылар
Сайысқа 5-сыныптардан төрт жұп қатысады (оқушы және оның анасы). Қатысушылар ортаға шақырылып, әділқазылар алқасы таныстырылады.
Сайыс кезеңдері
Бұл сайыс аналар мен қыздардың өзара сыйластығын, мейірімін, шығармашылығын және бірлігін көрсететін төрт мазмұнды кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Менің анам – ең керемет жан»
Уақыты: 3 минут
Таныстыру кезеңі (үй тапсырмасы). Қыздар өз аналарын әртүрлі форматта таныстырады: театрландырылған көрініс, өлең арнау немесе музыкалық қойылым.
2-кезең: «Сиқырлы сөздер»
Ереже: қайталанбайды
Ана мен қыз бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Аналар қыздарын атымен атамай, еркелетіп сөз айтып алға қадам басады. Қыздар аналарының жақсы қасиеттерін атап, алға жылжиды. Бірдей сөздерді қайталауға болмайды.
3-кезең: «Шаштараз»
Уақыты: 10 минут
Қатысушы аналар қыздарына шаш үлгісін жасап, ұқыптылық пен талғамын көрсетеді.
«Қыз сұлу көрінеді қылығымен, жарыла төгілген қос бұрымымен…»
4-кезең: «Талантты отбасы»
Үй тапсырмасы
Қыздар аналарымен бірге өнер көрсетеді. Бұл кезеңде отбасы бірлігі, шығармашылық және сахналық мәдениет бағаланады.
«Қыз сұлу көрінеді өнерімен…»
Марапаттау
Кеш соңында қатысушылар марапатталады. Отбасылық дәстүрдің үздік үлгісін көрсетіп, әдемі кештің көркін келтірген аналарымызға алғыс айтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Қатысушыларға сәттілік!