Нота сауаты
Ашық сабақ жоспары • 3-сынып • Музыка
Би музыкасы
3-бөлім: Бүгінгі заман музыкасы
Категория
Музыка
Тақырып
Би музыкасы
Сабақ форматы
Үздік ашық сабақ бәйгесі
Негізгі мақсаттар
-
1
Би музыкасымен таныстыру және оның негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
-
2
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бидің орнын түсіндіру, Шара Жиенқұлованың өмірі мен билері туралы мәлімет беру.
-
3
Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін ояту арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Алдыңғы білімді тексеру
«Ақ мамам»
Орындауға
«Жайдарман» (халық әні)
Тыңдауға
«Наурыз келді»
Үйренуге
Музыка сауаты
- Дыбыс қатарын қайталау: До – До (гамма).
- Ноталардың бес сызыққа орналасуын еске түсіру.
- «Ақ мамам» әнін орындау және шығармашылық тапсырма арқылы өз қабілетін көрсету.
Сабақтың барысы
Кіріспе (оқушылар кірер алдында)
Сыныпқа кірер алдында фон ретінде «Би күйі» (А. Жұбанов) орындалады.
Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Сыныпты түгендеу, сабаққа психологиялық дайындық.
- Оқушылар бір-біріне аналары еркелетіп атайтын атын айтып, жылы тілек білдіреді.
Сабақтың ортасы (7–11 минут)
Миға шабуыл«Ойлан, тап!» тапсырмасы
Әріптерді реттеп, сабақ тақырыбын ашу:
Р Ш А А • Л Ұ У • С Ұ Н • Р С Е Л • Ә Ғ А • Ш Ұ Л Ы • Т О Б • Л А • Б І Е Л И Р
Талқылау сұрақтары
- Халық бишілерді не үшін құрметтейді?
- Бишілердің ерекше қасиеттері қандай?
- Би адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді?
Негізгі ұғымдар
Би — халықтың мәдениеті мен дәстүрі арқылы жеткен құнды мұра. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, ішкі жан дүниесіне қуаныш сыйлайды.
Би музыкасы — биге арналған музыка. Ол екі түрге бөлінеді:
- Халықтық (ұлттық)
- Кәсіби (салтанатты, театрландырылған)
Қазақстанда би өнері XX ғасырдың басынан бастап қарқынды дамыды.
Қазақ би өнері: тұлғалар мен үлгілер
Қазақтың ұлттық би өнерін жоғары деңгейге көтерген кәсіби биші — Шара Жиенқұлова. Сабақта оның өмірбаяны мен билері туралы әңгімеленеді.
Таныстырылатын бишілер
- Болат Аюханов
- Шұғыла Сапарғалиқызы
- Нұрсұлу Тапалова (Ақтөбе облысы)
- Әсел Әлібекова (Ақтөбе облысы)
Музыка тыңдау
Тыңдалым«Жайдарман» — халық әні. Бұл көңілді, биге лайық шығарма.
Практикалық бөлім
- Әуенге сәйкес би қимылдарын көрсету.
- Мысал: «Бөрте» биі (Ш. Сапарғалиқызы).
Нота сауаты
Нота арқауында (сызықтарда) жеті нотаның орналасуын жазу.
Музыка әлемінде ретімен орналасқан дыбыс аралығы октава деп аталады.
Музыкада бірнеше октава бар: кіші, үлкен, 1-октава, 2-октава.
Оқушылар дыбыс қатарын әуенмен және нота арқылы қайталайды: До – До.
Ән орындау
Практика«Наурыз келді»
- Әні
- Н. Дүкенбаев
- Сөзі
- Қ. Смағұлов
Орындауға дайындық
- Ән мәтінін мәнерлеп оқу.
- Нотасымен айту және әуенімен орындау.
- Екпіні: орташа.
- Сипаты: көңілді, жігерлі, ойнақы.
Сұрақтар (әңгімелеу)
- Наурыз айында қандай мерекелер болады?
- Қазақтың жаңа жылы қай күні тойланады?
- Наурыз мерекесі қалай аталып өтеді?
Сабақтың соңы (35–45 минут)
ҚорытындыСұрақтарға жауап бер
- Қазақтың алғашқы биші қызы кім?
- Шұғыла Сапарғалиқызының қай биін бейнероликтен көрдіңдер?
- Әсел Әлібекова кім және қай жерде дүниеге келген?
- Халық әні «Жайдарман» қандай би қимылдарына сәйкес келеді: жылдам ба, әлде баяу ма?
- Бидің қандай түрлерін білесіңдер?
- Музыкада неше октава бар?
Үй тапсырмасы
- Бишілер туралы қосымша мәлімет жинау.
- «Наурыз келді» әнінің сөзін жаттау.
Бағалау
- Өзін-өзі бағалау.
- Мұғалімнің қорытынды бағалауы.