Бағдаршаммен бағалау
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№ 188 орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі: Орынбаева Гүлбану Абубакировна
1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Жалпы мақсат
Оқушылардың білімін кеңейтуге көмектесу, жан-жақты ақпарат жинауына қолайлы орта қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мәтіндегі нақты деректерді дәлелдейді, қорытынды шығарады, әртүрлі көзқарастарды ескеріп, өзара ынтымақтастық орнатады.
Негізгі идеялар
- Сталиндік казармалық жүйе және оның елдегі көріністері.
- Саяси қуғын-сүргін және репрессия ұғымы.
- Алаш зиялыларына қатысты қудалау.
- Еңбекпен түзеу лагерлері: ГУЛАГ, ҚарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР.
Сабақ құрылымы және тапсырмалар
Тапсырмалар тізімі
- 1 Лездік сұрақтар
- 2 Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
- 3 Жұптық жұмыс (өзара сұрақ қою)
- 4 Жеке жұмыс (кесте)
Уақыт жоспары
- Ұйымдастыру
- 4 минут
- Лездік сұрақтар
- 3 минут
- Топтық жұмыс
- 15 минут
- Жұптық жұмыс
- 10 минут
- Жеке жұмыс (кесте)
- 5 минут
- Тест
- 5 минут
Мұғалім жазбалары: сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
4 минут- Оқушыларға психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру («Менің тілегім»).
- Стикерлер арқылы топқа бөлу.
II. Лездік сұрақтар
3 минут- ? Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болды?
- ? 1930–1932 жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағы демографиялық жағдайға қалай әсер етті?
- ? Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалардың қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болды?
- ? Қазақ шаруаларының көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс салты сақталған жағдайда «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру мүмкін бе еді?
Бағалау тәсілі: «Бағдаршам».
III. «Ойлан. Топтас. Талқыла.» — Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
15 минутТоптағы рөлдер
Әр топта 5 рөл анықталады: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.
Бағалау
Бақылаушы бағалау парағын жүргізеді және топ жұмысының соңында қорытынды жасайды (әр топқа 1 минут).
Топ тақырыптары
1-топ
Социализмнің тоталитарлық, сталиндік казармалық сипат алуы.
2-топ
Ұлт зиялыларының саяси қудалануы.
3-топ
Сталиндік лагерьлер: ГУЛАГ, ҚарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР.
Оқушылар мәтінді оқып, талқылап, негізгі ойды дәлелдермен ұсынады.
IV. «Пилот–навигатор» — Жұптық жұмыс (өзара сұрақтар)
10 минутЕкі оқушы мәтінді кезектесіп оқиды: әр азат жолдан кейін тоқтап, оқыған бөлігі бойынша бір-біріне әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс».
V. Жеке жұмыс (кесте)
5 минутОқушылар негізгі ұғымдарды жүйелеп, кесте арқылы қорытындылайды.
Глоссарий: негізгі ұғымдар
- Кооперация
- (лат. ынтымақтастық) — шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыруға бағытталған ерікті серіктестік.
- Шаруашылық есеп
- КСРО-да енгізілген шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі.
- Несие
- Бағалы заттарды (ақша, тауар) қарызға беру.
- Дағдарыс
- Қандай да бір құбылыстағы шұғыл, түбегейлі бетбұрыс кезеңі.
- Ұжымдастыру
- Ауыл шаруашылығын қоғамдастыру: ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ірі социалистік шаруашылық кәсіпорындары мен артельдер құру үдерісі.
- Шаруалар
- Жеке дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері.
- Орташа шаруа
- Бай және кедей шаруаның арасындағы аралық экономикалық жағдайды иеленген шаруа.
- Трагедия
- Ауыр зардапқа әкелетін қайғылы оқиға.
- Тәркілеу (конфискация)
- Мүлікті мемлекет меншігіне өтеусіз алып қою.
- Геноцид
- Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық немесе діни белгілеріне қарай жою.
- Жазалау шаралары
- Кек алу мен жазалаудың әртүрлі тәсілдері.
- Репрессия
- Мемлекеттік органдар қолданатын азаматтардың құқықтарын шектеу және жазалау шаралары.
- Миграция
- Халықтың қоныс аударуы.
Білімді бақылау: тест
Тапсырма ұзақтығы
5 минут1-сұрақ
1930–1932 жж. елімізде жаппай етек алған жағдай:
- A) Саяси дағдарыс
- B) Ашаршылық
- C) Діни негіздегі қарама-қайшылық
- D) Экономикалық дағдарыс
- E) Қаржы дағдарысы
2-сұрақ
1930 жылы 4 сәуірде ату жазасына үкім шығарылған қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушы әдебиетшілердің бірі:
- A) А. Байтұрсынұлы
- B) М. Дулатұлы
- C) Ж. Аймауытов
- D) М. Жұмабаев
- E) С. Сейфуллин
3-сұрақ
101 мың қазақстандық ГУЛАГ азабынан өтті. Олардың ішінде атылғандары:
- A) 47 мыңнан астам
- B) 57 мыңнан астам
- C) 67 мыңнан астам
- D) 27 мыңнан астам
- E) 37 мыңнан астам
4-сұрақ
1937–1938 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті ақын-жазушылар:
- A) С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин
- B) С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров
- C) М. Ғабдуллин, Д. Әбілов, Ә. Сәрсенбаев
- D) Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, Б. Бұлқышев
- E) Ә. Тәжібаев, Ж. Саин, Т. Жароков
5-сұрақ
Ұзақ жылдар ҚарЛАГ-та қамауда болып, азап шеккен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған академик-селекционер:
- A) В. Л. Пржецлавский
- B) А. Л. Чижевский
- C) С. П. Королев
- D) Т. М. Людвиг
- E) В. С. Пустовойт
6-сұрақ
1930 жылдары саяси репрессия кезіндегі лагерлердің жоғарғы бас басқармасы:
- A) ГУЛАГ
- B) ЧСИР
- C) ҚарЛАГ
- D) СтепЛАГ
- E) АЛЖИР
7-сұрақ
Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:
- A) М. Шоқай
- B) Е. Бекмаханов
- C) С. Асфендияров
- D) Т. Рысқұлов
- E) Ә. Марғұлан
8-сұрақ
Лаңкестік жаппай сипат алған кезең:
- A) 1930–1931 жж.
- B) 1937–1938 жж.
- C) 1932–1933 жж.
- D) 1936–1938 жж.
- E) 1930–1932 жж.
9-сұрақ
1930 жылдары КСРО-да орнаған саяси жүйе:
- A) Кемелденген социализм
- B) Тоталитарлық, казармалық социализм
- C) Шынайы демократиялық социализм
- D) Радикалдық демократия
- E) Коммунизм
10-сұрақ
1937–1938 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті Алаш қайраткері:
- A) Ж. Шаяхметов
- B) Х. Досмұхамедов
- C) Ж. Тәшенов
- D) М. Төлебаев
- E) Ә. Жангелдин
Қорытынды бөлім
Кейінгі тапсырма
Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау және жиынтық бағалау жүргізу.
Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылардың пікірін жинақтап, келесі қадамдарға ұсыныс беру.
Ескерту
Бұл жоспар 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси үрдістерді (ұжымдастыру салдары, қуғын-сүргін, лагерьлер жүйесі) мәтінмен жұмыс, талқылау және бағалау құралдары арқылы меңгертуді көздейді.