Диктант Ағайындылар Сабақтың мақсаты

Қазақ тілі • 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Диктант — Ағайындылар»

Бұл сабақ диктант арқылы оқушылардың сауаттылығын тексеруге, жазу дағдыларының қалыптасуын бақылауға және есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Сабақтың мақсаты

  • Сауаттылық деңгейін тексеру және жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау.
  • Есте сақтау қабілетін арттыру.
  • Сауатты әрі көркем жазуға баулу.

Сабақтың әдісі

Баяндау және жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет

«Қазақ тілінен жазба жұмыстар»

С. Ч. Тұрсынғалиева

«Арман — ПВ» баспасы, 2008 жыл

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындау. Диктанттың ерекшелігі, мақсаты және орындалу шарттарымен таныстыру.

II

Диктантты орындау тәртібі

  1. A Мәтінді 2 рет оқу.
  2. Ә Қиын сөздерді тақтаға жазу.
  3. Б Мәтін 3-рет оқыла бастағанда оқушылар жазуға кіріседі.

Диктант мәтіні: «Ағайындылар»

Мәтін

68 сөз

Сәбит — Ораздың ағасы. Олар ағайынды, өзара тату. Дегенмен кейде Сәбит үлкендігін білдіріп, Оразды көбірек жұмсайды. Ораз ағасының шашылған кітаптарын ренжімей-ақ жинап қояды. Бірде Сәбит Оразға: «Ораз, менің сөмкемді ертеңгі сабаққа реттеп, дайындашы», — деді. Ораз дереу іске кірісті. Ертесіне сабаққа кешігіп келген Сәбит партаға кітап-дәптерлерін асығып қоя бастады. Сыныптастары ду етіп күлді. Сәбит ештеңені түсінбеді. Орнына отырып, кітабын қолына алды. Екінші сыныптың кітабын көргенде Сәбит қызарып кетті.

Қорытынды кезең

III

Өзіндік тексеру

Оқушылар жазба жұмысын өздері тексереді.

IV

Жинап алу

Жазба жұмыстары жиналып алынады.

V

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталау. Қажет болса, сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау.