Жалпылауыш сөзді бірыңғай мүшелерді табу

Сабақтың тақырыбы

Оқшау сөздер (слайд).

Білімдік мақсаты

  • Оқшау сөздердің негізгі белгілері мен түрлері туралы жаңа ұғымды меңгерту.
  • Орын тәртібі, тыныс белгілері және құрамы жөнінде жан-жақты түсінік беру.
  • Логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру және ой қорытындысын жасай білуге баулу.

Тәрбиелік мақсаты

  • Сабақта қолданылған ұғымдар арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
  • Экологиялық тәрбие беру.
  • Халықтық тәрбие мен ұлттық дәстүр өнегесі арқылы тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

  • Ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте және халық ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін қаратпа сөздерді табуға дағдыландыру.
  • Қаратпа сөздерге қатысты тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Сабақ әдістері
Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, мәнерлеп оқу.

Көрнекіліктер мен ақпараттық құралдар

  • Тірек бетшесі.
  • Грамматикалық лото.
  • Альбомдар (ұлттық дәстүр және ауыз әдебиеті үлгілерінен жинақталған материалдар).
  • Үлестірме кеспе материалдар.
  • Интерактивті тақта.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Ақ сандық, көк сандық».
  2. «Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер».
  3. Б. Адамбаев — «Халық даналығы».
  4. М. Шаханов — «Махаббатты қорғау».
  5. «Атырау» газеті, 1992 жыл, №29.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

  • Психологиялық даярлық.
  • Үй тапсырмасын тексеру және пысықтау.

Сабақ ұраны

Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Ана тілің жасау керек — мәңгілік.

М. Шаханов

Тапсырма: бірыңғай мүшелер

Бірыңғай мүшені тауып, сөйлемде қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

Оңашаланған айқындауышқа мысалдар

  • а) Ең қымбатымыздан — тілімізден айырылсақ, не боламыз?!
  • ә) Ертең, 6 желтоқсан күні, сағат 4:30-да «Сүйем сені, туған елім» атты тәрбиелік шара өтеді.

Үй тапсырмасы (63-жаттығу)

Абай өлеңіндегі бірыңғай мүшелерді анықтап, тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз.

1) Бірыңғай мүшені табу

Бірыңғай мүшені тауып, сызбасымен көрсетіңіз:

а) Қыс болса, қыр мен ойды аралайды, жаз болса, қозғалуға жарамайды.

2) Жалпылауыш сөз және бірыңғай мүшелер

Жалпылауыш сөзді және бірыңғай мүшелерді анықтаңыз:

ә) Ер жігіт бойындағы жақсы қасиеттер: адалдық, арлылық, әдептілік, еңбекқорлық, қайырымдылық.