Жомарт тобы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектеп, биология пәні мұғалімі — Көшербаева Гүлжан Ерболқызы

Сабақтың тақырыбы

Бауырмалдық және кеңпейілділік

Бұл сабақ әдептілік, сыпайылық және адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы алдыңғы тақырыптардың жалғасы ретінде оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарды тереңдетуге бағытталады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық ұғымдарын түсіндіріп, осы қасиеттер туралы мағлұмат беру және меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін, қабылдауын дамыту; жылдамдыққа тәрбиелеу және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілік

Оқушыларды бауырмалдыққа, бір-бірін дұрыс қабылдауға, туыстарын және достарын сыйлауға тәрбиелеу. Тірек ұстаным: «Кең болсаң, кем болмайсың».

Кіріспе ой: құндылықтарды түсіндіру

Бұған дейінгі сабақтарда әдептілік, сыпайылық және адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырдық. Бүгінде қазақ жерінде 136-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті, достықта және бірлікте, бір аспан астында өмір сүріп келеді.

«Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деген сөздер қазақ халқының бауырмал, өзгені жанына жақын қабылдай білетін, кеңпейіл әрі жомарт халық екенін айқындайды.

Халқымыз: «Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар» дейді. Бұл — бауырдың, туыстың қадірін ұғындыратын терең мәнді тұжырым.

«Жақсы болсаң — жердей бол, шыдап бәрін көтерген. Таза болсаң — судай бол, жуып бәрін кетірген» деген өсиет арқылы оқушыларды мейірім, кеңдік, қолы ашықтық секілді адамға тән игі қасиеттерге баулу көзделеді.

«Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» дегендей, сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген бауырмалдығын, кішіпейілдігін және жақындарын сыйлау дағдысын қалыптастыру мәселелері талданады.

Сабақтың форматы

Түрі

Дәстүрлі емес сабақ

Әдісі

Ойын және жарыс элементтері бар сабақ

Топқа бөлу

1-топ

«Жомарт» тобы

2-топ

«Мейірім» тобы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастырушылық кезең

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Мен әдепті боламын» тақырыбында шағын әңгіме және мақал-мәтел.

III. Жаңа сабақ

Жаңа тақырып алдыңғы біліммен байланыса отырып, бауырмалдық пен кеңпейілділіктің өмірдегі, отбасындағы және қоғамдағы маңызын ашуға бағытталады.

Сабақ кезеңдері: әрекет пен мазмұн

  1. 1) Шаттық шеңбері

    11–12 оқушы өз еркімен ортаға шығып, өзін таныстырады, топтарға сәттілік тілейді. Оқулықтағы «Кел, достар» өлеңі оқылып, мағынасы талданады.

  2. 2) Ойланайық, пікірлесейік

    Сұрақтарға жауап беру арқылы пікір алмасу ұйымдастырылады.

  3. 3) Жаңа ақпарат

    Оқушылар 43-беттегі мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, талдау жасайды.

  4. 4) Мәтінді талдау

    «Алма ағашы» өсиеті оқылып, өмірмен байланыстыра отырып талданады.

  5. 5) Венн диаграммасы

    Бауырмалдық пен кеңпейілділіктің ортақ және айырмашылық қырлары салыстырылады.

  6. 6) Сергіту сәті

    «Жомарт» тобы

    Жұртыбай Айгерім — «Аман бол» әні

    «Мейірім» тобы

    Сапарқұлова Замзагүл — «Бауырым» әні

  7. 7) Викториналық сұрақтар

    1. Ата-анаңыздың ата-анасы сізге кім болады?

    Жауабы: ата, әже

    2. Туған ініңіздің немесе қарындасыңыздың анасы сізге кім болады?

    Жауабы: анам

    3. Үйде сізден үлкен, туған бауырыңыз сізге кім?

    Жауабы: аға немесе әпке

    4. Сізден үлкен ағаңызға немесе әпкеңізге (тәте/әпке) сіз кім боласыз?

    Жауабы: інісі немесе сіңлісі

    5. Бауырмалдыққа, татулық пен достыққа шақыратын, «Хабар» арнасынан көрсетілген қандай бағдарламаны білесіз?

    Жауабы: «Бармысың, бауырым!»

Қорытынды, бағалау және кері байланыс

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар бауырмалдық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын тұжырымдап, күнделікті әрекетпен байланыстырып қорытынды жасайды.

Бағалау (ойын форматы)

Жеңіске жеткен топқа: «Тамаша!»

  • Т — Татулық сөзінің үшінші әрпі.
  • А — Біз қандай тақырыпта өсиет оқыдық?
  • М — Біз «Жомарт» тобы және қандай топпыз?
  • А — Жаңа жылда бізге қонаққа келетін ата…
  • Ш — Адамның қуануы, мәз болуы тағы қалай аталады?
  • А — Әлемдегі ең асыл жан!

Жеңіліс тапқан топқа: «Ренжіме!»

  • Р — Сұлулықтың белгісі ретінде сыйға тартылатын гүл атауы.
  • Е — «… етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
  • Н — Ас атасы!
  • Ж — Алда келе жатқан қандай мереке бар?
  • І — «Ағасы бардың — жағасы бар, … бардың — тынысы бар».
  • М — Білім алатын ордамыз.
  • Е — «Ертең» сөзінің соңынан санағанда екінші әріп.

Үй тапсырмасы

47-беттегі дәйексөзді дәптерге көшіріп жазу.