Кейіпкерлерін ата
Сабақтың мақсаты
«Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының мазмұнымен танысу, бұл мұраның қазақ халқына тән бірегей құндылық екенін ұғыну және маңызын ашу.
Дамытушылық
Қазақ халқының көне дәуірден жеткен асыл қазынасын терең түсіну, тарихи шолу жасап, мәтінмен жұмыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, көркем мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік
- Тірек сызбалар
- Слайдтағы суреттер
- Тапсырма жазылған қиықшалар
Сабақтың барысы
Құрылымы: ұйымдастыру → қайталау → жаңа тақырып → бекіту → қорытынды
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, оқу құралдарының дайындығын тексеру.
2) Сабақ мақсатымен таныстыру
Лиро-эпостық жырдың ерекшелігін түсіндіру және «Қыз Жібек» жыры арқылы ұлттық мұраның көркемдік-идеялық маңызын айқындау.
Үй тапсырмасын тексеру
Монитордан сұрақтар беріледі. Оқушылар қол көтеріп, ауызша жауап береді.
- 1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- 2. Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар.
- 3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы қандай?
- 4. Тұрмыс-салт жырларына нелер жатады?
- 5. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар.
- 6. Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар.
- 7. Бата және оның түрлері.
- 8. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар туралы не білеміз?
- 9. Ертегілердің түрлерін атаңдар.
- 10. Аңыз әңгімелер дегеніміз не? Кейіпкерлерін атаңдар.
- 11. Батырлар жыры қай ғасырға жатады?
Жаңа тақырып: лиро-эпостық жырлар • «Қыз Жібек»
Оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру үшін ой қозғау сұрақтары қойылады және лиро-эпостың жанрлық белгілері анықталады.
Ой қозғау
- 1) Лиро-эпостық жырлар дегеніміз не?
- 2) Эпостық жырдан айырмашылығы қандай?
- 3) Қандай лиро-эпостық жырларды білесіңдер?
Жаңа сабақ жоспары
- 1. Жырдың маңызы мен көркемдік ерекшелігі
- 2. Падишадан кем емес Ер Төлегеннің келбеті
- 3. Бекежанның бейнесі
- 4. Қаршыға мен Шеге ақындар
- 5. Жібектің Сансызбайға қосылуы
Жоспар слайдтан көрсетіледі. Оқушылар оқулықтан қажетті деректерді оқып, талдап, негізгі ойды бөліп алады.
Сергіту сәті
Оқушылардың назарын сергіту үшін жұмбақтар жасырылады. Қысқа талқылаудан кейін сабақтың негізгі бөліміне қайта оралады.
Бекіту: концептуалдық кесте
Берілген мәліметтерді жинақтаған соң оқушылар кейіпкерлерді салыстырып, кестені толтырады.
| Кейіпкерлер | Өмірге қызығушылығы | Адамгершілік қасиеті | Кейіпкерге берілетін баға |
|---|---|---|---|
| Төлеген | — | — | — |
| Қыз Жібек | — | — | — |
| Бекежан | — | — | — |
Ескерту: кесте мазмұны оқушылардың мәтінге сүйенген дәлелі мен тұжырымы арқылы толтырылады.
Қорытынды
Жинақтау жұмысы
Оқушылар тақтаға «Қыз Жібек» жыры бойынша білгендерін жазып, негізгі ойларды жүйелейді.
- Жырдың идеясы мен тәрбиелік мәні
- Кейіпкерлер мінезі және қақтығыс себептері
- Көркемдік ерекшелік (теңеу, эпитет, бейнелеу құралдары)
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
60-беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Бағалау
Сабақтағы белсенділігі мен жауаптарының дәлелділігіне қарай бағаланады.
Сау болыңыздар!