Заттар айналымы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы
Сынып
4-сынып
Сабақтың тақырыбы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ауаның қалай ластанатынын түсіндіру; ауаға таралатын кездейсоқ заттардың көбеюінен атмосфераның өзін-өзі тазарта алмайтынын ұғындыру; ауаны қорғау арнайы шаралар арқылы жүзеге асатыны туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру және ауызша сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаны таза ұстауға, өсімдіктерді өсіруге үлес қосуға, ауаны ластанудан қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі мен тәсілдері
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Әдістері
- Түсіндіру
- Талдау
- Жинақтау
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Көрнекілігі мен технологиясы
ОӘЖӘ материалдары. Технология: БжС (Ауызша сабақ – 1 картасы).
Сабақтың барысы
I кезең. Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушыларды түгендеу
- Психологиялық тренинг
Тренинг мәтіні
Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек, жайнаған күн шық алдан.
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Білімді «шалқар теңізге» теңеу бекер емес: сол білімнің тереңіне бойлау үшін әр адам үздіксіз ізденуі керек. Осы ойды негізге ала отырып, үй тапсырмасына қысқаша шолу жасалады.
Үй тапсырмасын бекіту
Оқушылардың алдыңғы тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін сұрақ-жауап ұйымдастырылады:
- Ауа райы дегеніміз не?
- Ауа райын бақылау үшін не қажет?
- Ауа райының қандай құбылыстарын білесіңдер?
- Қазақстан жеріне неліктен жауын-шашын аз түседі?
- Қыс мезгіліне байланысты қандай құбылыстар болып тұрады?
Проблемалық сұрақ
Сурет арқылы ой қозғау жүргізіледі: «Не байқадыңдар? Ауа неліктен ластанады деп ойлайсыңдар?»
Оқушылардың жауаптары негізінде өндіріс орындарынан шыққан түтін мен қалдықтардың ауаны ластайтыны қорытындыланады. Осылайша жаңа тақырыпқа табиғи түрде көшеді.
II кезең. Жаңа сабақ
Табиғаттағы зат айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар: әр орта өзіне тән мөлшерлік тепе-теңдікті сақтауға ұмтылады. Соның нәтижесінде ауаның құрамы әдетте тұрақты болады.
Дегенмен ауа екі жолмен ластанады: табиғи үдерістердің әсерінен және адамдардың іс-әрекеті салдарынан. Ауаны ластанудан қорғау жолдарын білу — денсаулық пен табиғи тепе-теңдік үшін маңызды.
Негізгі ой: Әр адам тәулігіне көп мөлшерде ауа жұтады. Зиянды қоспалары бар ауамен тыныс алу денсаулықты әлсіретеді. Сондықтан таза ауа — денсаулық кепілі.
Тірек сөздер
Есте сақтау және мәтінмен жұмысқа бағыт беретін ұғымдар:
- Заттар айналымы
- Кездейсоқ заттар
- Табиғи ластану
- Түтінді тұман
- Ағаштар тіршілігі
- Газ қоспасы
- Тиімді жол
Оқушылар мәтін ішінен тірек сөздерді тауып, олардың тақырыптағы мағынасын ашады. Оқу барысында әрбір детальға назар аудару тапсырылып, кейін қойылатын сұрақтарға дайындық жасалады.
III кезең. Сұрақтар арқылы бекіту
Тірек сөздерге сүйене отырып, оқушылардың түсіну деңгейі сұрақтармен тексеріледі. Мақсат — жедел ойлау дағдысын дамыту және оқу материалын сапалы меңгерту.
IV кезең. Сын тұрғысынан (иә/жоқ) сұрақтар
- ИӘТабиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар.
- ЖОҚОлар әр қабаттағы белгілі бір мөлшерді сақтамайды.
- ЖОҚСондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шықпайды.
- ЖОҚӨркениет пайда болғаннан бастап ауаға еріксіз заттар қосылмады.
- ИӘОған дейін ауа табиғи жолмен ластанған.
- ЖОҚЖанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар мен улы газдар араласпайды.
- ЖОҚЖел арқылы шаң мен тозаң ұшып шыға алмайды.
- ЖОҚОрман өртенгенде көп мөлшерде газдар бөлінбейді.
- ИӘӨсімдіктер мен жануарлар қалдықтары шірігенде түзілетін кейбір заттар ауаға тарайды.
- ЖОҚМұның бәрі табиғи ластануға жатпайды.
- ЖОҚЗаттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазарта алмайды.
- ЖОҚАдамның іс-әрекеті салдарынан ауа ластанбайды.
- ИӘІрі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті.
- ЖОҚТұман газ бен тозаңның араласуынан болмайды.
- ЖОҚҚала ауасында ылғал көп болғандықтан, су буымен тыныс алу жеңіл болады.
- ЖОҚАуаның ластануы тіршілік иелеріне өте пайдалы.
- ИӘӨсімдіктер жапырағына қонған шаң суды буландыруын және тыныс алуын баяулатады.
- ЖОҚЖануарлар мен адамдар ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренбеген.
- ЖОҚҚоспаның құрамы өзгергенде тірі ағзаның тыныс алуы бұзылмайды.
- ЖОҚАуаны қорғау үшін арнайы шаралар жасалған жоқ.
- ИӘАуаны тазартуға сен еккен әр ағаш үлкен үлес қосады.
Қорытынды
Ауаны тазартудың тиімді жолдарының бірі — көгалдандыру. Осы маңызды істі жүзеге асыру мақсатында елімізде ел басшылығының қолдауымен «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істейді. Әрқайсымыз табиғатты аялауға, қорғауға және ауаны таза ұстауға үлес қосуымыз қажет.
Тәрбие түйіні
Табиғат — Ана! Құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Үй тапсырмасы
Мәтінді оқып, мазмұндау.