Сабаққа әзірлену
Сабақтың тақырыбы
2 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты
-
10 көлеміндегі сандарға 2-ні қосу кестесін құрастыру.
-
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын және математикалық тілін дамыту.
-
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және ойды қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, ойын, ұжымдық жұмыс
Көрнекілігі
Ойын материалдары: «Жасырын сөзді тап», «Домино», ұжымдық жұмысқа арналған тапсырмалар.
Сабақтың жүрісі
1) Ұйымдастыру
Сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындық.
2) Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
3) Қызығушылықты ояту
Сұрақ-жауап
-
Балалар, терезеге қарайықшы: қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қандай ай?
-
Қыс мезгілінде қандай мерекелерді асыға күтесіңдер? Неліктен?
«Жасырын сөзді тап» ойыны
Парақшаның бірінші бетіне мысалдар, ал екінші бетіне жасырын әріптер жазылады: Қ, А, З, А, Қ, С, Т, А, Н. Оқушылар мысалдарды шығарып, тиісті әріптерді тауып, сөзді құрастырады.
Талқылауға арналған сұрақтар
-
Қазақстан Республикасын кім басқарады?
-
Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдер.
-
Қазақстанның астанасы қай қала?
-
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
4) Өткенді еске түсіру
Топтық жұмыс: 1-ді қосу және азайту кестесін толтырып, үш топ бір-бірінің жұмысын тексереді.
5) Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс: №1 «Домино» ойыны
Мысалдар құрастыру.
Қосу
□ + 2 = □
Қосу
□ + 2 = □
Қосу
□ + 2 = □
Азайту
□ − 2 = □
Азайту
□ − 2 = □
Азайту
□ − 2 = □
№2: 2-ні қосу кестесін құрастыру
6) Сергіту сәті
«Поезд құрастырайық» қимыл-қозғалыс ойыны.
7) Дәптермен жұмыс
№1, №2 тапсырмалары өз бетімен орындалады.
№3: Өлшем бірліктерімен жұмыс
Ұжымдық жұмыс: логикалық тапсырма
Әр суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
8) Сабақты қорыту
-
Бүгін нені үйрендік?
-
Нені білдік?
-
Қандай мерекені есімізге түсірдік?
9) Оқушыларды мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды атап өту, жетістігін бағалау.